Есенғали Раушанов. «Көктем гүл көрсе қонақтай»

Oinet.kz 24-09-2018 924

Көркем гүл көрсе қонақтай

Көбелек бекер мәз бопты.

Бөгелек қаққан торы аттай,

Бөгелмей өтіп жаз кетті.

 

Тағы бір жазға қысқарды,

Талайсыз ғұмыр тарығып.

Тағдыр дейтұғын мыстанды,

Жібіткен бар ма жалынып.

 

Бақ дейтін құсты қайтарып,

Қондырған бар ма қолына?

Өсер ме гүлдер жайқалып,

Тікенек біткен жолыма.

 

Қол-аяғымды тең шырмап,

Төбемнен кәрі төніп құз.

Қу мыстан ойнап, мен шындап,

Талай да жерге келіппіз.

 

Шынымен, тегі өтпей ме,

Қарғысы қайда, қайда ұшты?

«Шаршатсам, кешір» деп кейде,

Аяп та кетем байғұсты.

 

Өмірзая ұлмын мен де бір,

Төзімі құрыш көктемір.

Өгей шешенің өрмегін

Үзе қашатын жетпегір...

Есенғали Раушанов. «Ештеңе де керек емес»
Есенғали Раушанов. «Тамыз келді от құшақ, ыстық ерін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу