Есенғали Раушанов. «Зуһра деген жұлдыз бар-ды аспанда»

Oinet.kz 24-09-2018 825

Зуһра деген жұлдыз бар-ды аспанда,

Зуһра деген бір қыз бар-ды Қашқарда,

Сол екеуі таң қалысты әуелі,

Бала шайыр жырдан жауһар шашқанда.

 

Бала шайыр (әлде, бала сайтан ба?..)

Жыр оқушы ед тойдан бірге қайтарда,

Ұлы екенін сезетін ол өзінің

Тек қорықты айтарға.

 

Жасы елуден асқан шақ.

Жасыл желек баулар түгел, тас та ән сап,

Мерейтойын тойлап жатты сол шайыр,

Зуһра жұлдыз тұрды көкте жасқаншақ.

 

Ұлттың ұлы ақылы

Тік қарауға жетті ханға батылы.

Көкке ғана қарамады ол өмірі,

Көкті көрмей көзін жұмды ақыры.

 

Зуһра деген жұлдыз қалды аспанда,

Зуһра деген бір қыз қалды Қашқарда...

Есенғали Раушанов. «Әлдеқандай дыбыс кеп қайнар беттен»
Ескен Елубаев. «Алатау»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу