Ескен Елубаев. «Алтын заман»

Oinet.kz 24-09-2018 877

ed6e713a0937ffc953ce0ec8f4d88e75.jpg

Жайнатқан тау мен даланы,

Көркейткен. Ауыл, қаланы,

Әлпештеп қолы аялы,

Бақытты еткен баланы,

Жасампаз совет адамы,

Советтің алтын адамы!

Адамзат үшін тым ыстық,

Орнатқан берік тыныштық,

Әр түрлі ұлттың баласын

Табыстырған да туыс қып,

Жасампаз совет адамы,

Советтің алтын адамы!

Жақсылық үшін жердегі,

Молшылық үшін елдегі,

Ұлы Отан даңқын асырған,

Бүгіннен нұрлы ертеңі,

Рақмет совет адамы,

Рақмет совет заманы!

Ескен Елубаев. «Алатау»
Ескен Елубаев. «Алшы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу