Жадыра Байбұланова. «Қара сыз»

Oinet.kz 24-09-2018 998

Қара сыз.

Қалтырай  үн  қаттым…

Шарасыз –

Шыға  алман  шырқап  тым.

Тербеген тәтті мұң  жүрегін,

Меңдеген сағыныш сырқатпын.

 

Үзбейді-ау,

Үзбейді  күдерін,

Күз,  мейлі,

Өзгертсін  түр-өңін.

Сынық деп білсең  де  көңілімді,

Суып  тек  кетпесін  жүрегің!

 

Таяқтап  тасталған жанда – мұң,

Аяқтың  астында – арманым.

Күліп  таң  атпайды  өзіңсіз,

Суықтан…

Жылытшы,  жаурадым!..

 

Тағдырды  жеңуге  талпындым,

Жаңбырда  жасымды  марқұм  ғып,

Өмірдің  аязы  түк  емес,

Қинайды  сендегі  салқындық!

Жадыра Байбұланова. «МЕН ЕНДІ…»
Жадыра Байбұланова. «Көңілге тағы келген бе»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу