Жадыра Дәрібаева. «Махаббатпен дүние есігі ашылған»

Oinet.kz 25-09-2018 703

foto-ZHadyra-apay.jpg

Махаббатпен дүние есігі ашылған,

Ақша бұлт тұр асау шыңға асылған,

Таң шапағын шабыттана қарсы алдым,

Жүрегіммен жұмыртқадай аршылған.


Қимастығым құштарлықпен қайралған,

Өжеттігім нәзіктікке айналған,

«Ризамын», – деп, еміренемін Тәңірге,

Күндеріме тіршілікке байланған.


Күміс айдың сәулесімен ымдасқан,

Жер бетінің бар мұңымен мұңдасқан,

Жартастың да тас жүрегін жібітер,

Өмір жайлы жазсам деймін Нұр-Дастан!

Жадыра Дәрібаева. «Жасыл бақ хикаясы»
Жадыра Дәрібаева. «Жалғанды жалпағынан басқандар аз...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу