Жақан Смақов. «Шыбындар»

Oinet.kz 27-09-2018 793

Қабырғаны жағалап,

Қуалаймыз сабалап.

– Шыбындар, нас, кірсіңдер,

Мұнда неге жүрсіңдер?!


Бір қап кір бар аяқта,

Жабысасың аяққа,

Қонасыңдар етке де,

Танау менен бетке де.


Ызыңдамай кетіңдер,

Терезе ашық, өтіңдер.

Кір аяқ, нас шыбындар,

Өлмей тұрып, шығыңдар!

Жақан Смақов. «Мамыр әні»
Жеңіс Қашқынов. «Шекарашы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу