Исраил Сапарбай. «Аяймын махаббатты жетім қалған»

Oinet.kz 30-09-2018 1496

63e685261b2333a37e4ee666af126660.jpg

Өкінбеймін біреуді өпсең де өліп, 

Өкінбеймін біреуге кетсең де еріп. 

Жазмыштың маған жазған пендесіне 

Мен-дағы кезігермін көп сенделіп. 


Мұң ба екен, 

Мұның бәрі уайым ба екен?! 

Бүгінде ойым бөтен, жайым бөтен. 

Қойнына қона алмаған қос аққуға 

Қол бұлғап қала берер – қайың мекен…


Жабықпа, жарылқасын бетіңді алдан. 

Өткен күн өшкен, көшкен секілді арман…

Болар-ау бәрі де ұмыт, 

Амалым не, 

Аяймын махаббатты жетім қалған.

Исраил Сапарбай. «Қазақ қызы»
Исраил Сапарбай. «Заман»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу