«Келін болу нағыз құлдық қой» деп таңғалады: Блогер келін өз шындығын айтты

Oinet.kz 22-04-2022 5536

Тиктокер келін атанған Дания Арман – әлеуметтік желіде өз өмірін түсіріп, танымалдылыққа ие болған блогерлердің бірі. Бүгінгі таңда оның TikTok желісінде 400 мыңға жуық, Instagram-да 70 мыңдай оқырманы бар көрінеді. Негізгі мақсатым қазақ келіндеріне қолдау көрсетіп, шабыт сыйлау деп айтқан ол Stan.kz тілшісіне қалай танымал болғанын және желінің көмегімен қалай табыс тауып отырғанын әңгімелеп берді. 

Screenshot_13.jpg

- Мен контентімді қазақ және орыс тілдерінде жүргіземін. Сол себепті мені 50 пайыз ресейліктер қарайды. Олар маған “келін болу нағыз құлдық қой” деп жазып, таңғалысып жатады. “Сен күні бойы атаң мен енеңе қызмет етесің бе? Кімге күйеуге шықтың: ата-енеңе ме, жоқ күйеуіңе ме?” деген сияқты сұрақтар көп қояды. Ең біріншіден, күйеуге шыққан қыз менталитетімізге сәйкес алдында не күтіп тұрғанын біледі деп ойлаймын. Қазір қыздардың бәрі ақылды, заманға сай. Күйеуге шықпас бұрын бәрін зерттеп алады. Егер ата-анесімен бірге тұратын болса автоматты түрде олар “таңғы жетіде тұру керек, ата-анесіне шай-тамағын беріп, үй жинауы қажет” екенін біледі. Өйткені бұл біздің менталитетімізде қалыптасқан. Алайда қыздар ең алдымен күйеуін жақсы көргендіктен осы жағдайға көндігіп, бейімделеді.  Күйеуге шықпас бұрын психологиялық түрде өзін дайындайды. Әр адамда таңдау болады ғой. Егер ұнамаса, басында ашығын айтуы керек. 

​«Маған істегені алдынан шықты»: жас келіншек қайынсіңлісінен көрген жәбір көрді
Жиен немере болмас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу