Шашты жібектей етуге арналған маскалар

Oinet.kz 02-05-2019

Сау шаш беріктігімен және жылтырақтығымен ғана емес, сонымен қатар жібектей болуымен де ерекшеленеді. Сусабындар жарнамасында жібектей және жұмсақ шаш жайлы көп көрсетілгенімен, іске келгенде айтылғандай нәтиже болмайды. Керемет құралдар көптеп шығып жатқанымен, оларды таңдай білу керек. Сондықтан оларды байқап көрумен қатар, үйден жасалатын маскаларды да жасай беру керек. Шашты жібектей ету үшін арналған маскалар 2 жұмыртқаның сарысын 3 ас қасық зәйтүн майымен араластырып, оны ылғал шаштың барлық ұзындығына жағу керек. Бұл масканы басыңызда 30 минут ұстап, әдеттегідей жуып тастайсыз.  Бадам майынан жасалған масканы аптасына екі рет қолдансаңыз, шашыңыз жібектей болуымен қатар, берік бола түсіп, оның жылдам өсуіне көмектеседі. 

шаш.jpg

Буға қыздырылған бадам майын, саусақ ұштарымен бас терісіне жағып, түнге қалдырады. Майды жаққан соң, басыңызды орамалмен байлап тастаңыз. Таңертең шашыңызды жуасыз. Аптасына 2-3 рет газдалған су мен майсана майынан жасалған массаж да шашты жібектей етеді. Су мен майды тең үлесте (0,5 стақаннан) араластырады. Оған 1 ас қасық өзіңіздің қолданып жүрген сусабыныңызды құясыз. Осы қоспаны бас терісіне жаға отырып, массаж жасау керек. Содан соң жуып тастайсыз. Пиязбен жасалатын маска шашты «тірілтеді». Үкіштен өткізілген пиязды қаймақпен 1:1 қатынаста араластыру керек. Оны бас терісіне және шаштың барлық ұзындығына жағып, 15-20 минут ұстаңыз. Егер қатты күйдірсе, ертерек жуып тастай беріңіз. Пияз иісін кетіру үшін маскаға эфир майларын (4-5 тамшыдан лимон, гүлшетен, лаванда және т.б) қосу керек. Содан соң шаятын суыңызға да (1 л суға 3-4 тамшы) эфир майын қосыңыз.

Дереккөз: massaget.kz

Бөлме гүлдеріне қыста күтім жасау
Асүйдегі тарақандардан қалай құтыламыз?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×