Көз не үшін тартады?

Oinet.kz 06-02-2020 2721

Кейде, көздің үстіңгі қабаты өзінен - өзі қимылдайтын бәрімізге белгілі. Егер бұл анда - санда болып тұратын қалыпты жағдай болса, онда бұл денсаулыққа зиянды емес. Ең алдымен, ағзаны демалдыру қажет, уақытылы ұйқы, уақытылы тамақтану, басқа органдардың қызметіне зиян келтірмеу. Алайда қабат тартуы жиі қайталанатын болса міндетті түрде дәрігерге көріну қажет.

көз.jpg

Қабақ не үшін тартылады?

Көздің шаршауы. Көздің шаршауы – қабақтың тартылуының ең басты себебі.

Өзіңізге қызықсыз, алайда атқаруға тиісті жұмыстармен ұзақ уақыт компьютер алдында отыру, белгіленбеген жерде кітап немесе газет оқу, ұйқының уақытылы болмауы қабақ айналасындағы бұлшықетке артық күш түсуінен «қабақ тартылуы» пайда болады.

Жүйке жүйесіне шамадан тыс күш түсуі

Қабақтың тартылуы жүйке жүйесіне шамадан артық күш түсуінен пайда болады, психикаға ұзақ уақыт күш түсіру, стресске шалдықтырады. Көз айналасы яғни қабақтың тартылуы көбіне жағымсыз хабар алудан кейін де орын алып жатады.

Жүйкенің тозуы.

Көздің үстің және астыңғы жағы тартса бұған жүйкенің тозуы себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайда не істеу қажет? Зақым келтірген не екеніне көз жеткізу қажет стресс туғызып жатқан, ішкі мәселелер ме (реніш, өкпелеу, дау - дамай) әлде интеллектуалдық немесе эмоцияналдық күш түсіру ме анықтап алу қажет. Осыларды анықтап алғаннан кейін қандай шара қолдану керектігі анықталады. Міндетті түрде ағзаны демалдыру үшін тыныштану керек және ағзаға босаңсу қажетү

Конъюнктивит. Қабақтың тартылуы көз ауруымен байланысты болуы да мүмкін. Бұл жағдайды көздің мөлдір қабаты қабынады. Көзге бір нәрсе түсіп кеткендей сезінесіз жайсыздық туғызған нәрседен арылып дұрыс көру үшін көзді қайта - қайта жыпылықтата бересіз, бұл көзге шамадан тыс көп күш түсіреді. Мұндай жағдай орын алған кезде көз дәрігеріне көріну қажет, олар себебін анықтап керекті емдеу шарасын жүргізеді. Егер олай жасамаған жағдайда үнемі қабақтың тартылуынан арыла алмай көздің көруін әлсірейді. Көзді жыпылықтата беру әдетке айналып одан арылу тіпті қиындауы мүмкін.

Жүйке бұзылысы.

Қан қысымының жоғарылауы және ми қан айналымының бұзылысы кезінде қабақ тартуы мүмкін. Сондықтан невролог маманға қаралу қажет.

Жылқының еті 17 ауруға ем
Асүй ханшайымдарына арналған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу