Бет күтіміне қиярдың пайдасы

Oinet.kz 10-02-2020 1744

Қияр - әр дастарханның сәнін келтіретін көкөніс. Қиярдың құрамында күндік қажеттіктерден болған көптеген витаминдер бар. Бұлар: B1, B2, B3, B5, B6, C, витаминдері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий, және мырыш.

Қияр беттің терісін сауықтырады, тегістейді, кеңейіп кеткен бет терісінің тесіктерін кішірейтеді. Теріні ағартады.
45ad6b4f62880e77.jpg

Бірінші әдіс:

Қиярды тазалай отырып, оның қабығында көбірек жұмсағын қалдырыңыз. Сол күйінде бетіңізге жапсырыңыз. Қиярды аршығаннан кейін бірден пайдалана алмасаңыз, қабығын тоңазытқышқа салып қоюды ұмытпаңыз.

Екінші әдіс: 

Жұмыртқаның ағына екі қасық жас қиярдың сөлін құйып, араластырыңыз. Бетке жағыңыз. Бұл қоспа, әсіресе бетінде тесіктері бар, зақымданған теріге ұсынылады.

Лимон беттегі қара нүктелерді кетіреді
Күріштің пайдасы мен құнарлығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу