Белизнаның пайдасы мен зияны

Oinet.kz 29-03-2020 5872

Ақтық (белизна) – бұл үй жағдайында адам жасай алмайтын құрал. Белизна секілді ешқандай қымбат химиялық зат ақ киімдерді, төсек жаймалары мен сүлгілерді ағарта алмайды. Бұл құнды заттың арқасында біз киімдеріміз бен жаймаларды ұзақ уақыт қолдана аламыз. Заттарды белизнамен жуу жаңашылдық пен ақ түсті рең береді. Бірақ көпшілік белизананы көп қолдану киімге ғана емес, адамның өзіңе де кері әсерін тигізеді. Сол себепті біз осы материалда сізге белизаның зияны мен оны қалай қолдану керектігі жайлы мәлімет береміз. 

Veshhestvo-khorosho-chistit-poverkhnosti-razlichnoy-slozhnosti.jpg

Белизнаны қандай жағдайда және қашан қолдану керек?

  • ақ түсті төсек жаймаларын, киімдер мен сүлгілерді жуар алдында белизнаның біраз мөлшерін қосамыз. Егер матада дақ болған жағдайда белизна оны жоқ қылады. Сондықтан, белизнаны тек ақ киімге қолданған дұрыс. 

  • белизаны ешқашан кір машинасына қосуға болмайды. Белизна – құрамында хлоры бар мықты химиялық зат болып табылғандықтан, ол киіміңізді ғана емес, сонымен бірге кір машинаңызды да бұзуы мүмкін.  

  • негізінен белизна  кірді қолмен жуатындарға арналған. Бірақ бұл зат қол терісіне тигенде аллергиялық реакция көрсетуі мүмкін. Сондықтан белизнаны қолданар алдында қауіпсіздік ережелерін қолданып, қолғап киіп алғаныңыз дұрыс.

Белизнаны қалай дұрыс қолдануға болады?

Сіз бұл кезде белизнаның нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Алайда көпшілік нұсқаулықты оқығаннан гөрі, құрбыларының айтқан сөзіңе құлақ түреді. Сондықтанда белизанын қолдану тәсілі ауыздан-ауызға тарап кеткен. «Белизна қауіпсіз» деген ұғым мүлдем қате. Белизнаның  құрамында адам ағзасына өте қауіпті – хлор бар. Ол адамның терісі мен тыныс алу жүйелеріне зиян болғандықтан, оны белгіленген мөлшерде қолданған дұрыс. 

Затты белизнамен қалай жуамыз?

1. Қандай заттарды жуатыңызды анықтап алыңыз. Негізінен төсек жаймалары мен ақ түсті сүлгілер.

2. 7-10 литр жылы су дайындап аламыз. Суды қайнатып алған дұрыс. Өйткені қайнатылған су жұмсақ болып келеді. Кәдімгі краннан ағып тұрған жылы судың құрамында көп мөлшерде әк бар, олар киімде сары дақтар қалдыруы мүмкін.

3. 7 литр суға (белизнаның қақпағымен есептегенде) 2 қақпақ белизна қосамыз. 

Көпшілік белизнаны киімдегі дақтарды кетіруге және түсің өзгертуге қолданады. Әрине, белизна дақтарды кетіреді. Бірақ тек ақ түстегі дақтарды. Ал киімнің түсін өзгертуге белизнаны қолдану дұрыс емес. 

Белизна – өте агрессивті химиялық зат. Сондықтан оны өте мұқияттылықпен қолданған жөн. Оның тигізер пайдасы көп болғаны секілді, адамға ағзасына тигізер зияны да жетерлік. Ал мұқияттылықпен қолданған белизна сізге тек пайда тигізуі мүмкін. 

Бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер
Сірке суының (уксус) біз білмейтін пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу