Үй жағдайында шаш күтіміне арналған маскалар

Oinet.kz 22-04-2020 4987

Шашқа арналған маскалар қашанда жақсы нәтижені берері анық. Шашқа арналған маскалар тез әрі тиімді әсер етеді. Оның құпиясы ол құрамына өте көп пайдалы компонеттердің мөлшері басым. Шаш күтімін жасайтын мамандар көптеген косметикалық спрейлерді ұсынғанымен, кейде шашқа арналған халықтық рецептер тиімді әрі күтілген нәтиже береді. Ендеше, осы халықтық маскалар жайлы сөз қозғаймыз.

Homemade-Hair-Mask-For-Lifeless-Hair1.jpg

1. Кокос майы қосылған маска

Шашқа арналған масканы әрқашанда қолдану аса маңызды. Бұл масканы үй жағдайында жасау үшін сізге кокос майы қажет болады. Оның құрамында шашты қанықтыратын және нығайтатын пайдалы қышқылдар бар. Масканы бас терісі мен шаштың түбіне жағудан аулақ болыңыз, тек шаштың ұзындығына жаққан дұрыс. 40 минуттай уақыт ұстап тұрып, сосын жуып тастаңыз.

2. Шаштың түсуіне қарсы маска

Шаш түсуіне қарсы маска оның өсуіне ерекше әсер етеді. Ең жақсы нәтиже беретін – қыша. 2 ас қасық ошаған майын азғана ысытып, оған 1 кішкентай қасық құрғақ қышаны қосыңыз. Дайын болған қоспаны шаштың түбіне жағып, 10-15 минут өткен соң жуып тастау қажет.

Ескеретін жәйт: масканы жаққан соң қышу пайда болса сол мезетте-ақ жуып тастау қажет.

3. Шашты нәрлендіруші маска 

Айраннан жасалынған маска шашты нәрлендіреді және ылғалдандырады. Масканы дайындау үшін бізге 1 ас қасық бал сұйықтығы, 50 мл айран және 1 ас қасық зәйтүн майы қажет болады. Барлығын ыдыста араластырып, шашыңызға жағып, 20-30 минут күтіңіз. Күтілген жақсы нәтижені алғыңыз келсе сүлгі немесе пленканы қолдануды ұмытпаңыз.

4. Шаштың түсуіне қарсы бал маскасы

Бал – шашқа, теріге және ерінге оң әсер ететін бағалы компонент. Шашты ылғалдандырып, түсуін тоқтатып және өсуін жылдамдатады. Бұл үшін үй жағдайында бал қосылған масканы дайындау үшін. Масканы дайындау үшін 1-2 қасық сұйық бал қажет болады. Қосыпаны шашқа жағып, 1 сағатқа жуық уақыт ұстап, бөлме температурасындағы сумен жуып тастаңыз. 

5. Жұмыртқа маскасы

Жұмыртқа маскасы шашқа тиімді, оны дайындау үшін жұмыртқа сарысы мен бірнеше тамшы лимон шырын қажет болады. Осыларды суда араластырып, шайқаңыз. Шаштың барша ұзындығына жағып, 20 минуттан соң жуып тастаңыз. 

6. Авокадо маскасы

Авокадо қан айналымын жақсартып, шаш түйінің белсендіреді. 2 ас қасық авокадо жұмсақтығын, 1 жұмыртқаның сарысын және 1 қасық зәйтүн майын ыдысқа салып араластырыңыз. Қоспаны шаштың ұзындығына жағып, 20 минут күтіңіз. Мұндай маскадан соң шашты жақсылап жуып тастаған жөн.

7. Үй жағдайында дайындалатын май маскасы

Бас терісі мен шашқа табиғи майдың тигізер пайдасы өте көп. Олар шашты қайта қалпына келтіріп және жылтыратады. 1 қасық зәйтүн майы, 1 қасық ошаған майы және 1 қасық майсана майын ыдыста араластырамыз. Бөлме температурасында жылытып аламыз. Қоспаны шашқа жағып, 20-30 минуттай уақыт ұстаймыз.  

8. Дәруменді шашқа арналған маска

Бұл масканы әрбір үйде жасауға болады. Өзіңізге ұнайтын кез келген дәруменді алып, мәселен, миндаль, майсана, зәйтүн, тіпті оған 3-5 тамшы А мен Е дәруменінің сұйықтығын қоссаңызда болады. Қоспаны бас терісіне емес, шаштың ұзындыған жағып, 40-60 минут күтіңіз. Сосын жақсылап жуып тастаңыз. 

Е дәрумені (токоферол): пайдасы мен зияны
Сәресіде қандай тағамдар ішкен дұрыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу