Ең пайдалы сусындар

Oinet.kz 16-08-2020 810

Біздің ағзамыздың 70 пайызды сұйық заттардан тұратыны белгілі. Ағзадағы дұрыс тұз-су айналымы – мықты денсаулықтың кепілі. Ғалымдардың пайымынша, төмендегі сусындар адам ағзасындағы қартаю процесін тежеп, ағзаның иммуниетін арттырады. Есімізде жүрсін!

image.png

1.Анар шырыны

Анар жемісі фосфор, кальций, темір, магний, калий элементтеріне бай. Жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартуға көмегі мол. Буындарымызға да пайдасы бар екен. Сондай-ақ, шаш, тырнақ, теріге де әсері шаш етектен.

2. Алма шырыны

Бауыр, бүйрек, зәр шығару жоларындағы сырқаттар және атеросклерозда көмегі зор. Сондай-ақ, асқазан жұмысын жақсартады, зат айналымы қалдықтарының сыртқа шығуына көмектеседі.

3. Апельсин шырыны

Бір кездері бұл жемісті «өлмейтін алма» деп атаған екен. Бұл да бүйрек, зәр жолдарына пайдалы. Адамды жасартады-мыс.

4. Көк шай

Бұл шәйдің пайдасы әлімсақта-ақ дәлелденіп үлгерді. 1 шыны көк шәй ішсеңіз, 80 калория жоғалтады екенсіз. Майлы тағамдарды жегеннен кейін көк шәйдан жұтып-жұтып жіберсеңіз, ағзаңызды артық маймен әуре қылмайтын боласыз.

5. Құрғақ қызыл шарап

Гректер бұл сусынды тамақпен бірге қолданады екен. Неге? Өйткені, ол тағамның қорытылу процесін баяулатып, адам тез тойып қалады. Үйдегілер «тез қорытылады, жеңсік ас» деп мақтап отырады кей тағам түрлерін… гректерді түсінбедім… Сондай-ақ, аталған сусынның қан тамырларына да оң әсері бар екен.

6. Лимон шырыны

Бұл шырын сары ауру, жүректегі ауытқулар, өкпе ауруы, ревматизмге ем. Сондай-ақ, жаралардың да тез бітуіне көмегі бар. Лимон шырынын суға езіп, сәл-пәл қант пен бал қосып ішіңіз.

7.Сәбіз шырыны

Шырынның бұл түрін бейне бір «дәрумендер шоғыры» дерсің… А, В, С, D, Е, К. Бұл шырын ас қорытуды жақсартады, асқазан жараларына пайдасы зор. Сондай-ақ, иммунитетті артырып, тәбетті ашады. Тістердің қатаюына көмектесіп, көздің көруін жақсартады.Бірақ, мұны тым көп қолдануға да болмайды. Өйткені, оның құрамында А дәрумені көп болғандықтан, гипервитаминозға шалдықтыруы мүмкін.

8. Каркаде

Каркаде шәйі – гибискус гүлдерінен дайындалатын қызыл түсті сусын. Бұл ағзаны шлактардан, токсиндерден тазартып, метаболизм процесін жақсартады.

9. Қайнатылған шөптер

Бұл ағзадағы микроэлементтер жетіспеушілігінің орнын толтырады. Олардың бірнеше түрлері бар: ас қорытуды жақсартуға арналған, зат айналымын жақсартуға арналған, артық сұйықтықты шығаруға арналған, т.с.с. Мұндай қайнатпаларды қабылдар алдында дәрігермен кеңесіп алған жөн.

10. Айран

Мен өз басым айранды сусын деп емес, тамақ деп қабылдаймын. Менің тамағым – осы. Айран – кальцийге өте бай. Ал, егер салмақ түсіремін десеңіз – онда айына 1 рет қана айран ішіңіз.

Көп кітап оқу үшін не істеу керек?
Жасанды әтірді анықтау тәсілдері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу