Күнделікті ерін күтіміне кеңестер

Oinet.kz 28-08-2020 696

1. Ерін бояуын сүрту үшін макияж өшіруге арналған сүт немесе лосьон (құрамында спирт жоқ) қолданыңыз. Ол болмаған күнде сұйық май пайдалануға да болады. 

8e187d59b0a1d83f3e65c2221c.jpg

2. Еріннің табиғи түсін сақтап қалғыңыз келсе, күнде таңертең, кешке тіс щеткасымен 1 минут массаж жасап отыру керек. Жақсы нәтиже беру үшін арасында сода қосылған ыстық суға (200 мл. Суға 1-2 ш. қ. сода) щетканы салып отырып массаж жасаған жөн. Процедурадан кейін ерінге нәрлі крем (питательный) немесе төменде көрсетілген маскаларды қолданыңыз. 

3. Массаждың алдында кішкене болсын ерінге жаттығу жасау керек. Алдымен, сықыратын тәрізді қылып ерінді созу, содан кейін жай-жайдан еріннің әр бөлігін тістеңіз. 

4. Еріннің серпінділігін, жұмсақтығы мен ылғалдылығын қалыпына келтіру үшін жаңа піскен қияр шырынымен сүртіп немесе қияр бөліктерін ерінге қойып, 1 минут ұстау қажет. 

5. Құрғақ, жарылған ерінді қалпына келтіру үшін кастор майын немесе какао майын жағу керек. Процедураны далаға шығар алдында жасаған дұрыс. 

6. Күнде ұйықтар алдында тампонға сұйық май немесе нәрлі крем жағып тұру қажет. Жаққан кезде дөңгелендіріп массаж жасаңыз. 

7. Еріннің жарылуынан сақтану үшін үнемі гигиеналық помада пайдаланыңыз, әсіресе,күн суық кезде бұл өте маңызды. 

8. Жазда бет, қол терісімен қатар ерінді де күннің көзінен сақтаңыз. Пляжға барарда күннен қорғайтын крем жағып алыңыз немесе арнайы қорғайтын помада да пайдалануға болады. 

9. Күнделікті күніне 2-3 рет саусақпен массаж жасап тұрыңыз. Ол еріндегі қанайналымын жақсартып, ерінді қанық қылады. 

10. Ерін жарылғанға арнайы пилинг-кремдер де бар. Тіпті, ерінге бал жағуға да болады. Балды алып, саусақпен ерітіп алып, 1-2 минутқа жағып қойыңыз. Қалғанын жылы сумен жуып, кейін бальзам, крем жағыңыз немесе маска жасаңыз.   

Үй жағдайындағы маскалар: 

Ірімшік маскасы:
2 қасық ірімшік пен 1 қасық кілегей қосып араластырыңыз. 1 шай қасық қоспаны ерінге жағып, 10-15 минут ұстаңыз.Кейін ылғалды салфеткамен сүртіп тастаңыз. Ерінді жұмсартып, теріні жазады. 

Сәбіз қосылған майлы маска

 Майлы ірімшік пен үккіштен өткізілген сәбізді араластырып, 1 шай қасық қоспаны ерінге жағыңыз да 20 минут ұстаңыз. Маска жарылудан сақтайды


Қанды қоюланудан қорғайды
Ерін күтімі: Дұрыс бояу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу