Шашқа арналған қына маскалары

Oinet.kz 25-10-2020 832

Қынаның көмегімен шаштың түсін өзгертіп қана қоймай, шашымызды әдемі әрі мықты етуге болады. Қынаның құрамында қайызғақпен күресетін, бас терісінің беткі қабатын құнарландыратын, шаштың тез өсуіне ықпал ететін және шаш құрылымын қалпына келтіретін эфир майы бар.

image.png

Үй жағдайында дайындалатын шашқа арналған қына маскалары көп жағдайда зақымдалған шаштарды қалпына келтіруге қолданылады.

Құнарландыратын дәруменді қына маскасы

Дайындалу жолы:

- 1 пакет қынаға 100 мл қайнаған су құямыз;

- Қына қайнаған суда 20 минут тұру қажет;

- Одан cоң қынаға Е және А дәрумендерінің ерітіндісін қосыңыз;

- Дайын маска тағы 1 сағат шамасында тұру керек;

- Дайын қына маскасын тоңазытқышта сақтап, аптасына екі рет қолдануға болады.

Нығайтушы қына маскасы

Дайындалу жолы:

- 1 пакет қынаны 2 ас қасық лимон шырынымен араластырыңыз;

- Аздап сүзбе және 2 жұмыртқаның сарысын қосыңыз;

- Барлық ингредиентті жақсылап араластырып, оны шашқа жағыңыз;

- Нығайтушы масканы 30 минуттан кейін ғана жуып тастау керек.

Құрғақ шашты ылғалдандыруға арналған қына маскасы

Қажетті ингредиенттер:

- 2 жұмыртқаның сарысы;

- 1 пакет қына;

- 1 ас қасық лимон шырыны;

- 3 ас қасық дәріханада сатылатын түймедақ (ромашка);

- 200 мл қайнаған су;

- Жарты стақан қаймақ.

Дайындалу жолы:

Түймедаққа қайнаған су құямыз. Басқа ыдысқа су қайнатып, оның буына түймедақ салынған ыдысты 30 минут шамасында ұстаймыз. Одан соң сұйықтықты сүзіп алып, оны қынаға құямыз. Бөлме температурасына дейін суытамыз. Жұмыртқаның сарысын шанышқымен араластырып, оған қаймақты және лимон шырынын қосамыз. Осы қоспаны суыған қынамен араластырамыз.

Дайын масканы құрғақ шашқа тегістеп жағып, шашты пакетпен орау керек. Одан соң пакеттің сыртынан жылы орамалмен орап, 30 минут ұстаған жөн. Уақыт өткен соң шаштағы масканы алдымен сумен шайып, содан соң сусабынмен жуып шығыңыз.

Ескерту:

- Қынаның бояуы бар болғандықтан, масканы дайындарда және масканы шашқа жаққанда қолыңызға қолғап киген жөн;

- Жоғарыдағы маскаларды ақшыл түсті шаштарға және химиялық бұйраланған шаштарға қолданбаған жөн;

- Маскаларды жақыннан мұрынмен иіскеудің қажеті жоқ.

Алақанға арналған нүктелік массаж (фото)
Ұйқыны бұзатын 10 себеп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу