Шарапты қалай және немен ішу керек?

Oinet.kz 05-10-2020 921

Шарап іш, көңілдегі дертің қашар,
Өмірде шарап ішкен еркін жасар.
Өзі от болғанымен, судай шалқып,
Қайғының жалын атқан өртін басар.

(Омар Хайям, аударған Қ.Шаңғытбаев)

Шарапқа қатысты ескертулер

Шарапты ішудің ләззаты масаюда емес, оның тамаша дәмінде. Сондықтан бірінші ереже — шарапты көп ішпеңіз және дәм сезу қабілетіңізді төмендететін тағамдар жемеңіз.

Сіркесу (уксус) дәмі сезілетін салаттар шараппен мүлдем үйлеспейді.

Тағы бір табу — жаңғақтар. Тілдің дәм сезу рецепторлары бірден жаңғақ дәміне ойысып, шараптың нәзік дәмін мүлдем сездірмейді.

Шектеулерді айтқан соң, тағы біреуін айта кетейік. Шараптың дәмін сезіп, ләззат аламын десеңіз темекіні шекпеңіз, тіпті темекі түтінінен аулақ отырыңыз. Темекі иісі шараптың жұпарын бірден өшіріп, шарапты ішкен соң қалатын ауздағы дәмді никотин бірден құртады.

Шараптың түрлері өте көп, дегенмен оларға қатысты ереже ортақ. Дәмі күрделі (көп құрамды) тамаққа қарапайым шарап берген жөн, және керісінше дәмі күрделі шарапқа қарапайым тіскебасар ұсынған жөн. Егер кешкі асқа бірнеше тағам жасайтын болсаңыз немесе достарыңызға қонаққа баратын болсаңыз, қызыл және ақ құрғақ асхана шарабын алыңыз.

Тағы бір ереже бар: қызыл шарапқа — қызыл ет, ақ шарапқа — ақ ет. Шараптың барлығы дерлік ірімшікпен жақсы үйлеседі.

Құрғақ шараптар
Қызыл шарап

Қызыл шарап қуырылған, майлы, ащы етпен жақсы үйлеседі. Оны пицца, макарон, жеміс-жидектермен де ішуге болады. Кейде қызыл шарапты сушимен де, ақсерке (семга) және алабалықпен (форель) де ұсынады.

Ақ шарап

Ақ шараптармен кез-келген теңіз өнімдері (устрица, омар, мидия), балықтар, уылдырық, құс еті және бұзау еті үйлеседі. Сонымен қатар, ақ шарапты майлы емес шұжықтармен, әртүрлі салаттармен, тіпті сұйық тағамдармен де ұсынуға болады (әдетте шарап сорпамен қатар берілмейді).

Қызғылт шарап

Теңіз өнімдері, десерттер, салқындатылған ет — қызғыл шараптың серіктері осылар.

Шыртылай тәтті және тәтті шараптар

Тәтті және жартылай тәтті шараптарды десерттер, жемістер, шоколад, тоқаштар, балмұздақпен берген жөн.

Шампан және көпіргіш шараптар

Шампанды және көпіргіш шараптарды кез келген тағаммен беруге болады. Онымен салтанатты асты ашуға да, ас соңынан десертпен беруге де болады. Әдетте шампан тәтті десертпен жақсы ашылады.


​Канапе — талғампаздар мен еріншектер асы
Аперитив және дижестив
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу