Құпия сақталуы тиіс 7 нәрсе

Oinet.kz 12-01-2019 634

Елестетіп көріңіз. Кейде көп сөйлемеуге қарсы тұру қиын секілді көрінбей ме?  Бұл жетілген адамды бейсаналы адамнан ажырататын құнды шеберлік. Біздің айтқан сөзіміздің әрбірі өмірімізге әсер етпей қоймайды.  Сондықтан, кейде тілде ойыңызға оралған сөзді айтқаннан гөрі, көп ойланып, нақты шешім мен нақты сөзді айтақн дұрыс.  

image.png

1. Көмектесуге асығу. Сіз жасаған жақсы жұмыс мақтауға тұрарлық, бірақ сіз жасаған жақсылығыңыз туралы ешкімге айтпауыңыз керек.  Мейірімділік, тым көп айтылғанда, барлық тартымдылығын жоғалтады және кейде қастықты тудырады.  Егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, оны тыныш қана орындаңыз.  Адамдарға бір нәрсені жеткізудің ең жақсы тәсілі - бос әңгімелерден гөрі, іс-әрекет арқылы көрсету.

2. Батырлық. Барлығы қарапайым: егер сіз батыр болғыңыз келсе,  болыңыз.  Көршілеріңізге көмектесіңіз, қоқысты шығарыңыз және жасағаныңызды  мытыңыз. Егер сіз жасаған жақсылығыңыз туралы есеп беруге деген ықыласыңызға қарсы тұра алсаңыз, онда сіз шынымен де марапатталасыз.

3. Адамгершілік. Әр адамның өзіне тән кемшіліктері болады.  Өзінің адамгершілігімен мақтанатын адам екіжүзді, одан да жақсы көрінуге тырыспаңыз, кемшіліктеріңізді мойындамаңыз және идеалды моральдық принциптеріңізбен мақтануды доғарығаныңыз жөн.  

4. Отбасылық өмір. Әр отбасында жанжал болады.  Дегенмен, оларды үшінші тараптарға айтпағаныңыз жөн.  Ақыр соңында, ұрыс аяқталады, бірақ сіз және сіздің отбасыңыз әлі талай жерде бір-бірімен кездесуді жалғастырады.  Отбасылық өмір туралы аз сөйлескен сайын, бәрі жақсы болуы ықтимал.  

5. Тағам. Сіздің өзіндік тағам дайындау стиліңіз бар. Тағам дайындау барысындағы өз шеберлігіңізді ешкімег көрсетпеңіз. Аспаз ретінде құпиялылығыңызды сақтағаныңыз жөн. 

6. Болашақ жоспарлар. Ешкімге жоспарларыңыз туралы жақ ашпаңыз. Олар кез-келген сәтте өзгеруі мүмкін, ал сіз адамның көз алдында өтірікші бола аласыз.  Ертең не болатынын ешкім білмейді.  Оқиғаларды жоспарлаңыз, жоспарға сәйкес әрекет етіңіз, бірақ болашаққа деген үмітіңіз туралы ешкімге айтпаңыз.  

7. Балалар. Басқа адамдар сіздің балаңыздың жетістіктері туралы білуге мүдделі деп ойласаңыз, онда сіз қателесесіз.  Үнемі өз балалары туралы сөйлесетін аналар бақытсыз.  Өйткені, оларда сөйлесетін ештеңе жоқ.  Адам мәдениетінің белгісі - үстірт таныстар мен өте жақын адамдарды ажырата білу.

Дереу құтылуыңыз тиіс 14 зат
Үйіңізге байлық пен энергия әкелетін 3 өсімдік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу