Жұмыртқа қабығының пайдасы қандай?

Яичная скорлупа – лечит многие болезни и не только

Күнделікті өмірде «қоқыс» санайтын жұмыртқа қабығының  90 % жоғары сапалы кальций карбонатынан, сондай-ақ фосфор, калий, темір, магний, кремний сынды 27 элементтің қосындысынан тұрады. Кальций карбонаты сода, бор, гипс құрамында кездескенмен, жұмыртқа қабығындағы кальций ағзаның толық дамуы мен жұмыс жасауы үшін пайдасы зор. Жұмыртқа қабығының құрамы адамның сүйектерімен тістеріне таңқаларлықтай сәйкес, онымен қоймай жұлындағы қан жасаушаларының жұмысын күшейтеді. 

Жұмыртқа қабығын майдалап езіп, 3 жасқа дейінгі балалардың тамағына қосып берсе, анемия, диатеза сынды аурулардан аулақ болады. Ол ағзадағы радионуклидтерді шығаруға үлкен септігін тигізетіндіктен, экологиялық қауіпті аймақтардағыларға пайдасы орасан зор. Себебі ол жұлынға жиналып қалатын стронцийды жойып отырады. Адамдардың жас мөлшеріне байланысты күніне 2-ден 6 граммға дейін қолдану керек. 

Кальций тырнақ пен шашқа да пайдасын көптеп тигізеді. Егер де тырнағыңыз бен шашыңыз тез сынбайтын, мықты және әдемі көрінгенін қаласаңыз аптасына екі рет жұмыртқа қабығын қолданыңыз. Ол үшін шай қасықтың 1/3 бөлігімен жұмыртқа қабығының ұнтағына 2 капсула балық майын араластырып қабылдау керек. 

Картинки по запросу яичное скорлупа

Ақ жұмыртқаның қабығында ағартушы эффект бар. Мысалы, ақ  киіміңізді үй жағдайында, ешқандай химиялық заттар пайдаланбай ағартқыңыз келеді. Ол үшін ақ жұмыртқаның қабығын майдалап ұнтақтап, мата қалтаға түйіп, кір жуатын мәшинеге киіміңізбен қосып салыңыз. Нәтижесін киіміңіз кепкен бойда көресіз.

Үй жағдайында ыдыс-аяқтарды тазалау үшін жұмыртқаның қабығын ұнтақтап, шәйнекке немесе термоска саламыз. Жартылай су құйып, шайқап бір түнге қоямыз. Таңертен қақтардан тазаланған шәйнекті көресіз.

Жұмыртқа қабығы бау-бақшадағы көкөністерге, бөлме өсімдіктеріне де пайдасы бар. Көктемде бір нәрсе егу үшін, жерді аудармас үшін алдымен жұмыртқаның қабығын майдалап, жерге себу керек. Бұл әдіс арқылы топырақтың қышқылдығы азаяды. Ал, бөлме өсімдіктеріне қолдану үшін суға жұмыртқа қабығын қосып бір тәулікке қоямыз. Одан соң, гүлдеріңізді күнделікті суара берсеңіз болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмыста қалай есіңнен адасып кетпеуге болады?
  • Тұздың шашқа тигізер пайдасы
  • Вакциналардан бас тарту дұрыс па?
  • Қара дақпен күресу, алдын алу жолдары
  • Балдың адам ағзасына пайдасы
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика