Ғалымдар роботқа арналған «жүйке жүйесін» ойлап тапты

Oinet.kz 16-06-2018 623

Ғалымдар роботтарға арналған «жүйке жүйесін» ойлап тапты. Осы жаңа құрылғының арқасында роботтар біреуге жақындағанын немесе өздеріне адамның немесе заттың қолы тиіп тұрғанын сезіне алады. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, бұл құрылғыны Сеуль ұлттық университетінің ғалымдары Стэнфордтағы әріптестерімен бірігіп жасап шығарған.

04033208.447026.6517.jpeg

Құрылғы роботтардың «терісінің» астына орналастырылады. Арнайы датчик роботқа адамның қолы тигенде немесе өзі бір затты ұстағанда миға сигнал жібереді. Осыдан кейін робот ситуацияға сай жауап қайыратын болады.

Стэнфорд университеті профессоры Чжэнань Баоның айтуынша, роботтардың жүйке жүйесі адамдардікіне айтарлықтай ұқсайтын болады. Мұндай құрылғының жасалып жатқанына бір ай болған жоқ. Алдағы уақытта ғалымдар робот саусағының ұшына «жүйке талшықтарын» орналастырмақ.

Тазалық жоқ жерде ауру көп
Босанған соң әйелдің дауысы өзгереді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу