Әлемдік фармацевтикаға жол ашқан
Фармакопея, яғни дәрінама – дәрілік заттардың сапасын сипаттайтын ережелер мен стандарттар жинағы.

Әлемдегі алғашқы фармакопея б.з.д 502 жылы Қытайда пайда болған екен. Тұңғыш жинақ 7 томнан тұрған. Онда 730 дәрілік шөптің сипаттамасы жазылған. Дәл осы еңбектің арқасында әлем елдері адамтамыр (женьшень), сермене, рауғаш және шәйдің дәрілік қасиетін біліп, препараттар жасай бастады.


