Батыр мейірбике

Oinet.kz 26-05-2020 623

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерді ғана емес медицина қызметкерлерін де үлкен сынаққа алды. Сұрапыл ұрыс даласында қаншама мейірбикелер жаралыларды емдеп,  ерлік көрсеткен. Солардың бірі – Зинаида Туснолобова-Марченко.

Главная медсестра: должностная инструкция

Зинаиданың күйеуі 1941 жылы соғысқа аттанғанда ол медицина курсын бітіріп, ерікті түрде соңынан майданға барады. 1942 жылдың 11  шілдесінде жас мейірбике ұрыс алаңынан 40 жаралы сарбазды алып шығады. Шайқас 3 тәулікке созылған еді. Марченко бұл ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады. Алайда бір жылдан кейін шайқастардың біріне қатысқан мейірбике қатты жараланады. Дәрігерлер науқастың іріңдеп кеткен қос аяғы мен қос қолын кесуге мәжбүр болады. Зинаида наркозсыз өткен операцияға шыдап берді. Қайғылы жағдайдан кейін ол күйеуіне «мені ұмыт» деп хат жазады. Себебі өмірлік жарына дәрменсіз күйде көрінгісі келмеді. Дегенмен күйеуі одан бас тартқан жоқ. Соғыс аяқталған соң олар қос перзент сүйген.       

Босанғаннан кейін фигураны қалпына келтіру
МРТ аппараты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу