Шаш бояу пайдалы ма, зиян ба?

Oinet.kz 26-05-2020 1474

Нәзік жандылар түр келбетін жиі өзгеріске ұшаратқанды ұнатады. Мұндайда әсіресе, шаш көп сыналады. Қиюды айтпағанда әйел заты шашты жиі бұйралайды, түзулейді. Сондай-ақ өзгерістің қарапайым әдісі, ол – шаш бояу. Мұны үй жағдайында да, сұлулық салондарында да жасатуға болады. Шаш бояу қарапайым тәсіл болғанымен ескеретін жағдайлар көп. Мәселен бояудың денсаулыққа зияны бар ма, шашты қалай бояу қажет, бояуды қалай таңдау керек, тағы басқа...

Сонник крашеные волосы к чему снится крашеные волосы во сне?

Бүгінде шашын боямайтын қыз-келіншектер кемде-кем. Оның үстіне қазіргі таңда бояудың сан түрі бар. Қалаған түсіңді табуға болады. Әдетте жас қыздар стилін өзгерту үшін шаш бояп жатады. Ал қырықтан, елуден асқандар шаштың ағын жасыру үшін осындай қадамға барады. Ал кейбірі жәй ғана шашының табиғи түсі ұнамағандықтан өзі қалаған түске бояйды.  Мамандар бояудың шашқа жалпы денсаулығымызға кері әсері барын жоққа шығармайды. Ол туралы сәл кейінірек. Алдымен бояуды таңдағанда неге мән беру керектігіне көз жүгіртейік.

Бояуды қалай таңдайды?

Әйел затының ажарын ашатын, ол – шаш. Сондай-ақ шаштың түсі де көп нәрсені өзгертеді. Демек, алдымен бояудың түсін дұрыс таңдау керек. Бояу түсі дұрыс таңдалса, көзіңіз жарқырап, беттің реңі біркелкі бола түседі. Дұрыс таңдалмаған жағдайда, ұсақ әжімдер мен дақтар бірден байқалатын болады. Әрі бірнеше жасқа кәрі көрінесіз. Сол себептен де, бояу түсін дұрыс таңдауды үйреніп алған жөн. Дүкенге бармас бұрын, айнаға жақсылап қараңыз. Ең бірінші көздің түсін, терінің реңін, шаштың табиғи түсін назарға алыңыз. Мәселен, жылы түстер бетті нәзік әрі албырт етіп көрсетеді. Ал табиғат ажарыңызға қызғылт реңді тарту етіп қойған болса, суық, қоңыр қызыл, құм, күл реңдерді таңдау керек. Бетіңіз жиі қызарыңқырап жүретін болса, аллергияңыз бар болса, шашыңызды ешқашан қызыл реңге (қызғылт-сары, анар, қызыл ағаш т.б) боямаңыз. Теріңіздің түсі ашық, көзіңіздің түсі жаңғақ реңді немесе ашық жасыл болса, алтын, қызғылт, жирен түсті бояулар жарасады. Ашық реңді, көк, сұр көзді адамдарға ақ алтын, күлді, боз реңдер сай келеді.

Бес ескертпе

Шашты бояуға қалай дайындалу керек және сән үйіне барарда нені біліп барған жөн? Біріншіден, боялғаннан кейін шашыңыздың түсі дәл қораптағы сәнбикенің шашындай болмауы мүмкін. Себебі бояу нәтижесі көптеген факторларға байланысты: табиғи шаш түсіне, шаш жағдайына, оған дейінгі бояуларға және т.б. Бояудан соң шаш түсі шамамен қандай болатындығын түсіну үшін қораптың артқы жағында көрсетілген кестеге қараңыз.

Екіншіден, процедураға кіріспес бұрын аллергиялық тест жасаңыз. Бояу құрамында тітіркендіру, қышу және тіптен, шаш түсіруді шақыртатын ингредиенттер көп. Сондықтан өндірушілердің кеңесіне құлақ салып, бояу алдында кішкентай тері бөлігіне бояуды жағып көріңіз. Шамамен 15 минутың ішінде ешқандай өзгеріс болмаса алаңдамай бояй беруге болады. Ал егер теріңіз қышып, қызарып, бөртіп немесе ашыту сезімін тудырса, демек ол шашыңызға да кері әсерін тигізеді деген сөз.

Үшіншіден, шаш түсіңізді бүлдіріп алудан қорықсаңыз, кішкене шаш бөлігін алып, соған бояуды жағып көріңіз. Бұл сол реңктің сіздің шашыңызға қалай әсер ететінін нақты білудің бірден бір амалы.

Төртіншіден, бояйтын күні шаш жумаған жөн. Егер міндетті түрде жуу керек болсаңыз, кондиционер немесе маска қолданбауға тырысыңыз. Себебі бояу қажетті уақытта шашты толықтай бояп үлгермейді. 

Бесіншіден, шаш түсін бірден өзгертпеңіз. Түріңізді толықтай өзгерткіңіз келсе де, шаш түсін бір бояғанда 2 тоннан артық ағартып немесе қарайтпаңыз. Мәселен қара шашты бірден жирен шашқа ауыстыру қиынырақ. Мұндай нәтижеге араға уақыт салып бірнеше бояудан кейін қол жеткізуге болады.

Бояудан келетін залал

Мамандардың айтуынша боядың құрамындағы негізгі заттар – аммиак немесе сутек асқын тотығы шаш терісінің беткі қабатын уақыт өте келе бұзады. Ал бояудың рең беретін пигменті тері ішіне еніп, шаштың түбіріне кері әсер етеді. Сондай-ақ бояуды жиі пайдалану шаштың табиғи түсін жойып жібереді.  Бояу құралы арзан болған сайын онда рең беретін қосымша агрессивті қосалқы химиялық заттар соғұрлым көп болады. Сондықтан арзан дүниеге қызыға бермеңіз.

Шаш бояуларының тағы бір зияны – аллергиялық реакция тудыруы. Дәрігерлер тіпті мұндай аллергия адамды кейде анафилактикалық шок жағдайына дейін жеткізуі мүмкін дейді. Сәнді болған дұрыс әрине. Әйтсе де шашқа зақым келтірмеудің жолын іздеген жөн. Шашты бояу – шаш үшін үлкен стресс. Бояу шашты құрғатып, құрамын өзгертеді. Ал шашын түссіздендіріп барып, артынан бояйтын арулар тіпті шашын екі есе зақымдайды. Түрлі-түсті бояулар шашымызға ғана зиян деп ойласаңыз, қателесесіз. Себебі бояудың зардабын басқа мүшелеріңізде тартады. Мәселен – бауыр. Сондай-ақ, шашын жиі бояп тұратын адамдарды гипертиреоз (қалқанша без гармонының әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы), целакия (асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруы) мен шорбуын (буынның қабынуы) дерттерінен көп зардап шегеді. Шаш бояуларының құрамындағы химиялық элементтер денсаулыққа айтарлықтай зиян. Мамандарының айтуынша, одан бауыр көбірек зардап шегетін көрінеді. Сондай-ақ, шашын жиі бояп тұратын адамдарды гипертиреоз (қалқанша без гармонының әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы), целакия (асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруы) мен шорбуын (буынның қабынуы) дерттерінен көп зардап шегеді. Лондон университетінің зерттеушілері шаш бояуларын пайдаланатын қыз-келіншектердің 50 пайызынан көбі бауыр ауруларына шалдығатындығы дәлелдеді. Сонымен қатар, шаштарын жиі бояйтын қыз-келіншектерде түрлі аллергиялық аурулар, бас ауруы, лейкемия ауруы мен шаштың түсіп қалуына душар болады.

Қандай бояу пайдалы?

Кез-келген қиындықтың шешімі болады. Егер сіз үшін шашты бояу ай сайын қайталайтын үйреншікті жағдайға айналып, одан бас тартпаймын десеңіз, шашыңызға барынша күтім көрсетуге тырысыңыз. Біріншіден, арнайы боялған шашқа арналған майлы негізде жасалынған сусабын мен бальзам алып, соның көмегімен шаш жоғалтқан ылғал мен қоректендіргіш заттарды қалпына келтіре аласыз. Шашқа апта сайын маскалар жасап, түрлі майларды жағып жүріңіз. Әрине, шаш тым құртылып кетсе, боялған шаштың өсуін күтіп, оларды қырқып тастаған жөн. Мүмкін болса химиялық қоспалары аз, табиғи өнімдерді қолдануға тырысыңыз. Табиғи шаш бояуларына қына мен басманы жатқызуға болады. Табиғи қына құрамындағы пигмент шашқа қанық түс беріп, жақсы жылтыратады. Қына синтетикалық бояуларға қарағанда әлдеқайда ұзақ сақталады. Құрамындағы заттар бас терісін нәрлендіріп, шашты өсіреді, жылтыратады, күш береді. Мамандар қынамен тек табиғи қызыл қоңыр шаштарды бояу керек екенін айтады. Ал ақ сары шашты қыздарымыз түссіз қынаны таңдай алады. Түссіз қына түсті секілді бас терісінің жасушаларын қалпына келтіріп, қайызғақты емдейді, тітіркенуді кетіреді, шаштың түсуін тоқтатады, қалыңдатады. Әрбір шаш тамырынан бастап ұшына дейін қатаяды. Басма – керемет қасиеттері бар табиғи бояу. Ол – индиго атты өсімдіктен жасалатын сұр-жасыл ұнтақ. Ол шаштың тез өсуіне ықпал етеді, оны ішінен берік қылады, табиғи жылтыр береді. Сондай-ақ басма шаш тамырын мықты қылып, қайызғақтан арылтады. Бас теріңіз химиялық бояуларға тым сезгіш болса, басманы қолданып көріңіз.

Әрқашанда сәнді әрі сау болыңыз!


Сібір жарасы (күйдіргі) – антропозоонозды жұқпалы ауру
Омыртқаның жауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу