Көкөніс, жеміс-жидекті білетін адамнан алыңыз

Oinet.kz 26-05-2020 607

Тауарды маусымға байланысты сатып алыңыз. Құлпынайды қаңтарда не болмаса қарбызды маусымда сатып алу барынша дұрыс емес. Көкөністер мен жеміс-жидектердің пісіп-жетілуінің табиғи маусымына жақындаған сайын оларда нитраттар көлемі аз болады. Бұған қоса, мандарин жаз уақытында жоспардан тыс жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауы мүмкін.

Аналитики: как менялись цены на фрукты и овощи в 2018-2019 году Дүкен әлде базар? Көпшілік табиғи тауар сатып алу үмітімен базарға жүгіреді... Кеңінен тоқталайық.

– Дүкенге түскен тауар алдымен тексеруден өтеді. Бұған қоса, оны өсіру қатаң нормаланған ірі өндірушілерден көптеп алады. Шаруашылықтарда (кеңшарлар мен фермерліктер) химиялық қоспаларды қажетті көлемде пайдаланатын мамандар жұмыс істейді. Әсіресе бұл тыңайтқыштар, пестицидтер мен гербийидтер қолдануға қатысты. Жеке сатушыда шыныменде көкөніс өзінің учаскесінде өсірілуі мүмкін. Алайда, оны өсіру барысында қолданылатын химиялық заттардың көлемін ешкім де нормаламайды және бақыламайды да. Қожайын тауарын өсіріп, ол бүлінбеуі және тауарлық сыртқы түрін жоғалтпау үшін химиялық заттарды қашан және қанша қосатындығын өзі шешеді. Әрине, бұл ретте жеке сатушының химиялық қоспаларға үнем жасағандығын не болмаса аста-төк қосқанын тексеру не болмаса дөп басып айту өте қиын. Сондықтан тауарды сенімге ие болған жеке тұлғадан ғана базардан не болмаса органикалық тауарлардың мамандандырылған дүкенінен сатып алуға кеңес береміз, – дейді Отырар аудандық ТКҚСҚББ бас маманы С.Төлеген.

Сатушыдан тауардың шыққан тегі мен сапасын дәлелдейтін құжаттарды талап етіңіз. Ұялмаңыз! Сұрағаныңыз үшін сізден ақша алмайды. Ал оның шынымен де пайдалы екендігін білгеннен кейін дәрумендерді ләззаттана тұтыну сіз үшін ғанибет. Ендеше, маманның кеңесін естен шығармаңыз.

Қан қысымыңызды бақылап жүріңіз...
Инфаркт жайлы 6 аңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу