Құлақты көп тазаламау керек

Oinet.kz 26-05-2020 846

Кентау қалалық емханасының лор дәрігері Дәулет Жақыповтың айтуынша, құлақ ауруына шағым айтушылар көп.

7bfcb1aba98a0f01.jpg

Құлақты тазалаймын деп көп шұқуға болмайды. Айына бір рет тазалаған жеткілікті. Ағзада барлығы үйлесіммен. Тамақтанғанда жақ қозғалыста болады. Сол сәтте құлық табиғи тазаланады. Қолданыстағы құлақ тазалағыштардың басы үлкен болғандықтан, қолданғанда құлақтағы құлық тығындалады. Әрі жас ерекшеліктеріне қарамай, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін бірдей көлемдегі құлақ тазалағыштарды қолданады. Аурулардың көбісі гигеналық тазалыққа қатысты туындайды. Бүгін тұмаудың салдарынан естуі нашарлаған бүлдіршін мен созылмалы гайморитпен қаралған пациенттерге кеңес бердім. Дені сау тұрғындар да тексерістен өтті, – дей бергенде дәрігерге келесі пациенттері келіп қалған еді. Өз ісінің маманы әрі қарай адам қарауға кірісіп кетті. 

40-тан кейінгі күтім
Қызылды-жасылды қарашық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу