Темекі тудырмайтын ауру жоқ

Oinet.kz 26-05-2020 755

Темекінің зиянында шек жоқ. Тыныс алу нашарлайды.  Ауа жұтқанда ауыздан кірген темекі түтіні өңеш арқылы  өкпеге өтеді. Түтіннің құрамында 4000 химкатпен қатар рак тудыратын  жоғары дәрежедегі заттар кездеседі. Мысалы:формальдегид,бензол,мышьяк,т.б.

photo_223925a4f4c4a02e96.jpg

Темекінің өкпеге түскен химиялық заттардың біршама бөлігі қанға тарайды. Көмірқышқыл газының зиянды қалдықтары қанға араласу нәтижесінде денедегі қышқылдың жетіспеушілігіне әкеледі, әсіресе ми бөлігінде.

Қанға келіп түсетін химиялық  қоспалардың бірі – никотин. Темекіні үздіксіз шегу адамды никотинге тәуелді етеді. Никотин – темекінің құрамында табылатын алколоид. Темекі шеккен жанның организмі никотинді үнемі талап ететін халге жетеді. Никотиннің адам денесінде аз кездесуінің өзі жүйке жүйесіне  әсер етсе, көп мөлшерде  кездесуі адамның кейбір мүшелерінің жансыздануына соқтырады.

Темекінің зардабынан өкпе қабынып, қатерлі ісікпен ауыратындар саны көбеюде. Пневмония, эмфизема, асқынған бронхит және тыныс алу жолдарының нашарлауы осы темекіден туатын аурулар. Темекі түтінінде формальдегид, бензол, обыр тудыратын өте улы заттар бар. Шылым шегу барысында қанға көміртегі қышқылы түседі. Бұл барлық ағзада, соның ішінде мида оттегінің жетіспеуіне әкеледі. Ер бала ағзасында оттегінің үнемі жетіспеуі болашақта белсіздік тудырмақ. Ал қыз балада жүктілік кезінде қан кету, түсік тастау, сәбидің өлі тууы секілді қауіптер төнеді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, әлемде темекіден туындаған науқастардан жыл сайын 3,5 млн. адам өледі.

Адам бойында темекінің залалы тимейтін ағза жоқтың  қасы. Атап айтқанда, өкпенің созылмалы аурулары, жаңа туған нәрестелердегі асқынулар, жүрек-қантамырлар аурулары, атеросклероз, тромбоз, жүрек аритмиясы, ауыз қуысының, ұйқы безінің, асқазанның обыры, инсульт, өкпе обыры, т.б. 

Қазақстанда ересектердің  1/3 бөлігі темекіге әуес. Балалар мен жастарға қатысты 12-14 жас аралығында 10 пайызы, 15-17 жастардың 21 пайызы, 18-19 жастар 32 пайызы, 20-25 жастағылардың 39 пайызы шылым тартады.

Соңғы жылдары террористік әрекеттің салдарынан көптеген күнәсіз жандардың өмірі қиылды. Ал тыныс жолдарының террористі шылым болып саналады. Шылымның салдарынан жыл сайын жүздеген мың адам көз жұмады.

Ойлан! Темекі тарылтып, міріңді жалмайды!

Балерке БАЙТӨРЕ,

Шәуілдір ауылы.

Қаннан жасалатын тамақ және дәрілер бар
Иісіңіз жағымды болсын десеңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу