Перзентханаға не алып бару керек?

Oinet.kz 05-10-2020 784

Ана атану − кез келген қыз баланың міндетімен қоса арманы. Аяғы ауыр келіншек осы арманның шын бақыт екенін түсінетін де болар. Олар үшін ең маңыздысы − бала денсаулығы мен күтімі. Ай-күні жақындағанда уайымдап, қобалжу жүкті әйелдерде көп кездеседі. Ал перзентханаға дайындықты алдын-ала жүргізген дұрыс. 

Назарларыңызға жүкті әйелдерге перзентханаға алып баруға қажетті заттардың тізімін ұсынамыз. 

Құжаттар: 

1. Айырбастау картасы 

2. Жеке куәлік + көшірмесі 

3. Жұбайының жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін) 

4. Неке туралы куәліктің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін) 

Анаға: 

1 Ұялы телефон, телефонның зарядтау құрылғысы 

2. Халат 

3. Ішкөйлек – 2 дана (емізуге ыңғайлы) 

4. Тәпішке 

5. Резеңке тәпішке (душқа түсетін) 

6. Емізуге арналған төстартқыш – 2 дана 

7. Шұлық 

8. Сүлгі 

9. Бір реттік жаялықтар төсекке 

10. Дәретхана қағазы 

11. Иіс сабын 

12. Тіс пастасы, щеткасы 

13. Тарақ 

14. Газдалмаған минералды су 

15. Компрессиялық шөлке 

Балаға: 

1 Жөргек – 10 дана (5жұқа, 5 қалың) 

2. Көйлек – 4 дана (2 жұқа, 2 қалың) 

3. Жұқа және қалың бас киім 

4. Шұлық 

5. Қолғап 

6. Нәрестелерге арналған жаялық – 2 қорап 

7. Нәрестелерге арналған дымқыл майлық сүлгі 

8. Балаларға арналған сұйық сабын 

9. Жаялықтың астынан жағатын крем/тальк 

10. Сүлгі

Кесар тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?
Түсік және уақытынан бұрын босану
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу