Дәрігерлік көмектің қолжетімділігін арттыру, дамыту міндеттелді

Oinet.kz 05-02-2026

Түркістан қалалық емханасы, Түркістан қалалық балалар ауруханасы және Түркістан облыстық жедел жәрдем орталығының жылдық есеп беру жиыны өтті. 

image.png

Іс-шараға Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы қатысып, медициналық ұйымдардың атқарған жұмыстарына талдау жасап, алдағы міндеттер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жиын барысында медициналық қызмет сапасын арттыру, кадр даярлау жүйесін жетілдіру, практикалық дағдыларды күшейту үшін симуляциялық мүмкіндіктерді дамыту, әлеуметтік осал топтарға көрсетілетін көмекті жақсарту, қоғамдық денсаулықты нығайту бағытындағы жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, мекемелердің ақпараттық ашықтығын арттыру, атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа жүйелі түрде жеткізу және пресс-қызмет жұмысын жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Асхан Мархабайұлы медицина саласын дамытуда жауапкершілік, кәсібилік және ашықтық негізгі басымдықтар болуы тиіс екенін атап өтіп, нақты бағыттар бойынша тапсырмалар жүктеді. Міндеттер өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.

Ордабасыда 6 келі сәби дүниеге келді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу