Түркістан дәрігерлері нәрестенің өмірін үшін 77 күн күресті

Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығының дәрігерлері шала туған нәрестенің өмірі үшін 77 күн бойы үздіксіз күрес жүргізді. Бір жарым айдан астам уақытқа созылған ем мен күтімнің нәтижесінде салмағы 750 грамм болып өмірге келген сәби 2,4 келіге жетіп, анасымен бірге үйіне оралды.
Сандуғаш Баймаханованың нәрестесі Бахыт Үміт Роланұлы 2026 жылғы 2 маусымда жүктіліктің 27 аптасы 4 күнінде, небәрі 750 грамм салмақпен дүниеге келген. Нәрестеге шала туу және респираторлық дистресс-синдромы диагнозы қойылып, алғашқы күннен бастап мамандардың жіті бақылауына алынды. Кішкентай пациенттің өмірі үшін неонатологтар, реаниматологтар және басқа да медицина мамандары күн сайын күрес жүргізді.
77 күн бойы көрсетілген қарқынды медициналық көмектің нәтижесінде нәрестенің жағдайы тұрақталып, 2026 жылғы 18 тамызда үйіне шығарылды.
Қазіргі таңда баланың салмағы 2400 грамм, бойы 46 сантиметр. Шығарылған кездегі диагноздары: бронхөкпелік дисплазия, гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия, шала туу. Нәрестенің постконцепциялық жасы – 37 апта 6 күн.
Өмір үшін 750 граммнан басталған 77 күндік күрес – заманауи медицинаның мүмкіндігімен қатар, дәрігерлердің кәсібилігі, күнделікті еңбегі және кішкентай өмір үшін жасаған тынымсыз күресінің нәтижесі.


