Күрделі ота жасап, шақалақты құтқарды

Oinet.kz 05-06-2026

шакалак.jpg

Түркістан өңірінде өмір есігін жаңа ашқан кішкентай нәрестенің тағдыры алғашқы сағаттарда қыл үстінде тұрды. Ол №2 облыстық перинатальдық орталығында 41 апталық мерзімде, 2900 грамм салмақпен дүниеге келген еді. Нәресте туылғаннан кейін алғашқы сағатта-ақ оның тыныс алуы қиындап, жағдайы күрт нашарлай бастайды.

Жедел жасалған кеуде қуысының рентгенографиясы туа біткен көкет жарығы (врожденная диафрагмальная грыжа) диагнозын анықтады. Бұл дерт кезінде құрсақ қуысындағы мүшелер көкеттегі ақау арқылы кеуде қуысына өтіп, өкпе мен жүректі қысып тастайды. Уақыт жоғалтпай, неонатальды хирургтың кеңесінен кейін нәресте шұғыл түрде Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

Білікті мамандар – Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері – Түркістан облысының бас неонатальды хирургы С.Тұрысбеков, неонатальды хирург Ж.Бердіқұлова және неонатальды жансақтау бөлімінің анестезиологы Қ.Сапар бірлесіп, күрделі отаны сәтті аяқтады. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды.

Бүгінгі таңда кішкентай пациент жансақтау бөлімінен сырқат нәрестелер бөліміне ауыстырылды. Қазір ол анасының құшағында, дәрігерлердің жіті бақылауында емін жалғастыруда.


Түркістанда заманауи вирусологиялық зертхана ашылды
Үшем туып, көпбалалы ана атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу