Калашников автоматы ең көп ел

Oinet.kz 06-11-2019 1093

Сомали елі.jpg

Африкадағы Сомали республикасы1960 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды. Осы жылы елде туризм министрлігі құрылды. Алайда, 1990 жылдан бергі 30 жыл уақытта бұл елге бірде бір турист бармаған екен. Бірақ, туризм министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелері жұмыс істеп тұр. Бұл жағдай біздің елге де тән. Себебі, жылда туризмді дамыту жөнінде форумдар өткізгенімізбен, таза туризмнен түсетін табыс күлкілі көрінеді.

Сомалиге туристердің бармауы 50 жыл бойы осы елде билікке таласушылар арасында болып келе жатқан азаматтық соғысқа байланысты. Сомалиде көшедегі кез келген адамның қолында автомат болуы мүмкін. Калашниковтың көптігі жөнінен Сомали Ауғанстаннан кейінгі орында келеді.

"Сомали пираттары" дегенді естіген шығарсыздар. Бұл өткен ғасырдың 90 жылдары пайда болған. Алайда, Сомали қарақшылары ол кезде осы елдің жағалауына шет елден балық аулауға баратындарды қуу үшін құрылған еді.

Кейін олар жаппай кеме тонаушыларға айналып кетті...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Австралияда қоян қалай пайда болды?
Әлемдені ең биік көпір қай қалада?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу