Жақсы өмірге жетелейтін саналы ереже

Oinet.kz 07-11-2019 1024

Жақсы өмір.jpg

Өміріңнің бір тарабын бірсыдырғы тәртіпке бағындырсаң, онда басқа саланың бәрін де реттеп шығасың. Тәртіп туралы айтсаң, елдің бәрі – сонда еркіндік қайда қалмақ, кездейсоқтық ше, аяқ астынан шабыт қысса не істемекпіз дегенді көсе көлденең тартады. Ал егер өзгеріс үшін жеке бастың тәртібі ғана жетіспей тұрса қайтпексің?

Егер өмірің тар жол, тайғақ кешуге айналса, кім кінәлі? Соның бәрін реттеу үшін мына ережелерді орындап үйрен:

1. Жуық арада орындалатын қаржылық мақсат қой, жалпы келешекке қызмет ететін қаражат мәселесін көтер

Елдің бәрі кіріс пен шығыс мәселесін есептей бермейді. Соны есептеп, түбіне жетсе, өмір сүру біраз жеңілдеп қалар еді. Осы айда қанша табыс түсуі тиіс? Келешекке қанша қаржы үнемдеп алып қалу қажет? Отбасылық есеп-қисап үшін арнайы дәптер арнап қоюға болады.

2. Ішімдік, кофе және қантты шектеу

Мүлде тұтынбай кетпес бұрын осы дүниелерді қатты шектеп көрсе болады. Шектеу денсаулық пен организмге қалай әсер ететінін байқап жүр. Дұрыс-бұрыстығына көз жеткізгенде, бұл тағамдар рационнан мүлде шығып қалар.

3. Өмір сүретін кеңістікті таза ұста

Әр бөлменің тазалығын қадағала. Тазалық мидың дамуына игі әсер етеді. Жуылмай тұрған ыдыс-аяқ, жиналмаған төсек ғажап ойларға арналар уақытты ұрламасын.

4. Таза ауада жиі серуенде

Бала күнімізде бәрімізді далаға ойна деп қуып жіберетін. Далада серуендеу, табиғат аясында демалу – өте пайдалы. Ғимаратта отыра бермей, сыртқа жиі шығуды әдет қыл. Жатар алдында кешкі серуенге шығып дағдылан.

5. Сериал мен бейнеойындарды қысқарт

Ойын-сауық деген, әрине, жақсы. Кейде көңіл алдарқатады. Бірақ сен өзіңе тиесілі өмірлік жүктен қашып, жауапкершіліктен бас тартып, болмашы сериал мен жаттанды хикаяларға малданып отырғанда, өмірің өтіп кетпесін. Тағы бір сериал көргенше, жаңа кітап сатып ал. Соны аяғына дейін оқып тауыс. Өзіңді түсінуге кітаптың көмегі зор. Сериалдың әсері нөл.

6. Елмен аралас

Елмен араласу – адам өмірінің ең маңызды бөлігі. Адам тек коммуникацияның арқасында эволюцияға ұшыраған. Тіл табысу – бүтін өмір сүрудің басты талабы.

Көшедегі адамдармен әңгімелесуден қорықпа. Жаңа адамдармен таныс. Ескі достармен кездес. Араласу – өмірдегі ең пайдалы дағды.

7. Батыл бол

Бастыққа келіп, жалақымды өсір деп сұрау, өзің жазған шығармаңды баспаға жіберіп, жариялау, ұнатып жүрген адамыңа сезіміңді білдіру.

Сен күмәнданып жүргенде, өмір өтеді де кетеді. Тезірек шешім қабылдап үйрен!

8. Өзгелерге құрметпен қара, алғыс айта біл

Қалай сөйлейтініңе мән бер. Бұл фәниге жіберген әр импульс өзіңе қайтады. Тек жақсылық жаса, тек жақсы сөз айт. Сонда өзіңе де позитив, қолдау, комплимент, жақсылық қайтады.

Тәртіп деген өміріңе құрметпен қарау. Ақшадан махааббатқа дейінгі аралық. Әр адамның өмірі гүлдей жайнап, бай-дәулетті болуға лайық. Өмірде күрделісі өзіңе керек дұрыс тәртіпті үйрену.

Юлия Джумм

Аударған Шынар Әбілдә

Мәңгілік махаббат
Жақсылық көрсең өзіңнен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу