Қытайда 100 млн адам күніне 1 долларға өмір сүреді

Oinet.kz 21-11-2019 1008

Әлемде таңдай қақтыратын, біреулерге үйреншікті, енді біреулерге «қызық» көрінетін жағдаяттар көп.  Мысалы,  Қытайда 100 миллионға жуық адам күніне 1 долларға күнелтеді. Олар көбінесе мейрамханаларда тапсырыс бермейді, ондай жерге өздерімен бірге үйден ала шыққан тамақтарын жеу үшін бас сұғатын көрінеді. Қытай зайырлы мемлекет болғанымен бұл елдегі христиандардың қарасы мұсылмандардан екі есе көп. Деректерге жүгінсек, Аспан асты елінде 54 млн христиан бар. Әлемнің өзге елдеріне қарағанда Қытайда тұтқындарды 4 есе көп жазалайды екен. 

Қытайлар.jpg

Қытай полициясы қазды агрессиялық «мінезі» мен көзінің жақсы көретініне байланысты иттердің орнына жиі пайдаланады. Елдегі демографиялық ахуалға байланысты қолға алынған «бір бала саясаты» бойынша жыл сайын миллионға жуық әйел түсік жасатады. Сіз білесіз бе, онда  30 миллион адам үңгір үйлерде тұрады екен. Бұл үйлер  «яодун» деп аталады. Яғни, өз алдына бір құрлықты алып жатқан  Австралия халқының санынан көп. Бейжіңдегі ауамен тыныстау – күніне 21 темекі шеккенмен бірдей.

«Да Винчидің коды» қайдан шыққан?
Найзағайдың неше түрі бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу