Қытаймен визасыз режимге қарсы шығайық, ағайын!

Oinet.kz 11-06-2023 7781

Қытаймен визасыз режим туралы пікір білдіруімді сұрапты кейбір достарым. Қарсымын десем... неге қарсымын? 

Screenshot_24.jpg

Бір нәрсеге пікір айту үшін ол мәселені жақсы білу керек қой. Шынымды айтсам Қытай туралы түсінігім жоқ екен, өйткені біз алыстамыз, Қазақстанның екінші шетіндеміз. Сондықтан Қытайға жақын орналасқан, тіпті сол Қытайда тұрып келген қандастарымыздың пікірі маңыздырақ, әрі солардың айтқандарына сенемін. Мысалы Бекзат Мақсұтханұлы визасыз режимге рұқсат берген үкіметті сатқындар деп атапты. Серікжан Біләшұлы да сол пікірде болуы керек. Ендеше олардан асып қайда барамыз?

Жалпы қытай деген кімдер, қандай халық? Өз көзіммен көрген бір оқиғаны баяндайын. 2006-2010 жылдары "ЗапКазТранзит" АҚ қарасты 4 этажды офис құрылысын жүргіздім. Тас қалау жұмыстары аяқталып сыртын әрлеу жұмыстары қалған. Бастығымыз Қытайға барып, сол жердегі зауыттармен келісіп, сыртын мрамормен қаптауға тапсырыс беріп келді. Зауыт өз адамдарын жіберіп өздері қаптап беретін болып келісіпті. Сөйтіп Ақтауға он қытай жұмысшысы келіп іске кірісті. Кәзір көбейді ғой, бірақ сол кезде тұтас мрамормен қапталған ғимарат Ақтауда бірінші рет жүзеге асты. Аудармашы жоқ, ыммен түсінісіп жұмыс жасадық. Сондағы көргендерім:

Қытайлар еңбекқор халық. Шаршау дегенді білмейді. Түскі ас ішеді де үзілісте лото сияқты ойындарын ойнайды, ұйықтамайды. Тура бір сағаттан соң қайта жұмысқа шығады. Кешке қараңғы түскенше жасайды.

Өте қорқақ халық. Олай дейтінім - ғимарат биік дуалмен қоршалған, туалет аулада. Бұлар бір бөлмені жабдықтап сол ғимараттың ішінде жатқан. Кейін ээтаждардан сасық иіс шыға бастады. Олар тұрған екінші айда тіпті мүмкін болмай кетті. Сөйтсем... олар түнде туалетке баруға қорқады екен, бос бөлмелерге жеңіл дәреттерін атқара беріпті. 

Өте лас халық. Кухняларындағы бардак сұмдық, сасық астың иісіне шыдау мүмкін емес.

Тілдері удай. Бірде рулетка қайта-қайта сынып қала берген соң әлгілерге: "Әй қытай, рулетканы жасаған соң сапалы қылып неге жасамайсыңдар" - дегенмін. Әлгілердің жауабы: "Жарайды, онда Қазақстанда жасалғанын әкеліп беріңіз" - деді. Сондағы ұялғаным-ай, ең болмағанда жаман рулетка да жасай алмайды екенбіз.

Тағы бірде мынадай оқиға болды, әлгілер таза ауаға, далаға шығып келуге рұқсат сұрады. Шопырмен алдын-ала келісіпті. Рұқсат бердім. Ауыр жұмыста жүр, бір кезек даланы да көрсін деп ойладым. Дәл осындай көктем кезі болатын. Екі-үш сағаттан кейін әлгілер бір мөшек тасбақаны алып келгенде көзім атыздай болды. Өзіміз жүргенде бір тасбақаны да кездестірмейміз, ал олар бақандай он тасбақаны қалайша тез тауып алған? Екіншілей оларды шығармайтын болдым. Жатсын сол,

өздерінің сасықтарын иіскеп.

Біздер, қазақтар, мүлдем бейқамбыз. Даламыз ашық-шашық жатыр. Ертең олар қаптап келсе туризмге ақша салмайды, ақымақ емес. Есесіне даламызды кезіп кетеді, тасбақа, дәрілік шөптер, киіктің мүйізі, біз білмейтін тағы басқа да толып жатқан байлықтарымызды тонауға келеді, оған 100% кепілдік беремін.

Кезінде орыстар Сочиге туризмге ақша салады деп визасыз режим енгізіпті. Содан... түскен бір тиын да ақша жоқ, есесіне қарақытай қаптаған. Диаспора құра бастаған. Сөйтіп Ресей визасынан бас тартып әлгі қытайлардан зорға құтылыпты. Біздің билік соны неге ескермейді? Яғни сатқындар болғаны ғой? Менің пікірім осындай.

Қуаныш Еділхантегінің парақшасынан

Парламентке қазақ тілін білмейтіндер жіберілмесін - Дархан Әбдік
Астанада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу