Си Цзиньпин - бас хатшы, төраға, диктатор

Oinet.kz 27-10-2022 1259

Қытай Коммунистік партиясының ХХ съезінде партияның Бас хатшысы лауазымына Си Цзиньпин қайта сайланды. Бұл оның партияның басшылығына осыменен үшінші мәрте отыруы. Биыл Бас хатшылыққа сайланған Си Цзиньпин келесі жылы Қытай Халық Республикасының төрағалығына да үшінші мәрте сайланатынына ешкім күмән келтірмейді. Қысқасы Си Цзиньпиннің өз диктатурасын орнатып жатқаны байқалады.   

Screenshot_7.jpg

Бұл жолғы съезде Қытай Компартиясының жарғысына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес партия Си Цзиньпиннің партия мен мемлекеттік биліктегі жоғарғы көшбасшылығын құжат жүзінде бекітті. Оның Бас хатшылық лауазымы күшейтілді. Сонымен бірге әрбір партия мүшесі Си Цзиньпинді партияның ядросы ретінде қорғауы тиіс. Сарапшылардың пікірінше, осы өзгерістер арқылы Си Цзиньпин Қытайдың көсемдері Мао Цзэдун мен Дэн Сяопинге теңестірілді. Мұндай ерекше билікті соңғы 50 жылда Қытай басшыларының ешқайсысы иеленбеген. Айтпақшы, съездің жабылу салтанаты кезінде партияның бұрынғы көшбасшысы, Қытайдың экс-төрағасы Ху Цзиньтаоны залдан күштегендей шығарып жіберді. Мұны Қытай ақпарат құралдары Ху Цзинтаоның өзін нашар сезінгенімен түсіндірді. 

Бас хатшы Си Цзиньпин Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметіне алғаш рет 2013 жылы сайланған. 2018 жылы бұл лауазымға екінші мәрте отырды. Осы жылы Конституцияға енгізілген  өзгерістерге сәйкес төрағалыққа екі реттен артық сайлануға болмайды деген шектеу алынып тасталды. Осы кезден бастап сарапшылар Си Цзиньпиннің төрағалықта өмір бойы отыратынын болжаған еді. Осы болжам расқа айнала бастады. 

Тәжібаев қызметінен кетті. Ендігі кезек кімдікі?
Шойгу өтірік айтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу