«Пригожиннің өлгені рас» - Сараптама осындай қорытынды берді

Oinet.kz 28-08-2023 590

«Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің ұшақ апатында қаза тапқанын сараптама қорытындысы да растады.  Ресейдің Тергеу комитеті таратқан мәліметке қарағанда, Пригожин апатқа ұшыраған ұшақтың бортында болған. 

Screenshot_9.jpg

- Тверь облысының аумағында құлаған ұшаққа қатысты тергеу амалдарының аясында молекулалық-генетикалық сараптама жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша қаза тапқан он адамның жеке бастары анықталды. Ол ұшу парақшасында көрсетілген азаматтардың аты-жөндерімен сәйкес келеді,- делінген Тергеу комитетінің ресми мәліметінде. 

Құлаған ұшақтың ішінде Е.Пригожиннен бөлек «Вагнердің» командирі Дмитрий Уткин, үш экипаж мүшесі және тағы 5 азамат болған.

Ұшақ 23 тамызда кешкі сағат 6-40-та Мәскеудің Шереметьев әуежайынан көтеріліп, Санкт-Петербургке бағыт алған. Тверь облысының аумағына құлаған ұшақ толықтай дерлік жанып кеткен. Алғашқыда ұшаққа арнайы жарылғыш бомбаның қойылғаны айтылды. Кейінірек  жерден атып түсірілуі мүмкін деген болжам жасалды. 

24 тамызда Ресей президенті Владимитр Путин Пригожиннің өліміне байланысты оның отбасына көңіл айтты. Путин оны «тағдыр жолы өтке ауыр адам» деп атап өтті. 

Көптеген сарапшылар Пригожин Путиннің тапсырмасы бойынша өлтірілген болуы мүмкін деп есептейді. Ұшақ  Пригожиннің жасаған бүлігінен кейін дәл екі айдан кейін апатқа ұшырады. Мұның бәрі кездейсоқ болуы мүмкін емес.

Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады
Аюпов тұтылды, Әбдірахымов құтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу