Жер бетіндегі ең суық мекен

Oinet.kz 17-12-2015 903

Оймякон -  жер бетіндегі ең суық мекен. Якутияның бұл аймағында қаңтар айында температура – 50 градусты көрсетіп, кейде бұл температура бір аптаға созылады. Оймякон тарихындағы  ең төменгі температура – 71,2 градусты құраған. Суыққа төзімді якут халқы бұл аязға әдбен үйренген. Қазір мұнда 500-дей адам өмір сүруде. Оймякон сөзі «қатпайтын су» деген мағынаны білдіреді.

image.png

Мұндай атауға ие болуының себебі,   қысымен айнала мұз болып жататын ауылдан ыстық бұлақ табылған. Ол ешқашан, қандай температурада болсын қатпайтын көрінеді.  Ол жерде ештеңе өспейді, тұрғындар көбінесе бұғының, жылқының етімен тамақтанады. Ауылда жалғыз дүкен бар. Адамдарға бұғы, жылқы өсірумен және балық аулаудан басқа кәсіппен айналысуға мүмкіндік жоқ.  Тағы бір қиындық, адамды  жерлеу мәселесі. Жерді аяздың салдарынан қазу мүмкін болмайтындықтан  алдымен от жағып, мұзды ерітіп, топырақты жылтып алады. Содан кейін ғана барып қазуға кіріседі. Жерді қазуға үш күн уақыттары кетеді екен. Ал жалғыз мектеп тек -52 градустан төмен болған жағдайда ғана жабылады.  

Суреттен бірінші нені көрдіңіз?
Әлемде қай елде жылқы көп?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу