Эйфель мұнарасының біз білмейтін құпиялары

Oinet.kz 18-11-2019 875

Атақты Эйфель мұнарасының жобасы алғашында 1889 жылы Парижде өткен Бүкіләлемдік көрмеге экспонат ретінде қойылған екен. Сол көрмеде мыңдаған туындының арасынан Густав Эйфельдің көз тартар, биік мұнарасы ең үздік деп танылған.

image.png

Эйфель мұнарасы XX ғасырдың ортасына дейін әлемдегі ең биік ғимарат болып саналды. Оның биіктігі 324 метр. Тек 41 жылдан кейін оны көк тіреген «Крайслер» ғимараты  басып озды. Мұнара тек қана жоғары сападағы темірден тұрғызылған. Оның құрылысына 9441 тонна темір кеткен екен. Соншама биіктігіне қармастан құрылыс кезінде бір ғана құрылысшы зардап шеккен. Ғимаратты әлі күнге дейін қарапайым бояумен әр жеті жылда сырлап тұрады. 

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары немістердің Парижді басып алғаны белгілі. Француздар немістер келердің алдын, мұнараға шыға алмасын деген оймен, Эйфельдің лифтісін сындырып кеткен екен. Бірақ Гитлер 324 метрлік мұнараға жаяу шығып, Париждің көркіне көз тастапты. 

Эйфель тұрғызылғалы бері басы-аяғы жиырма мәрте сатылған. Оны тіпті, алаяқтар да аңқауларға алдап сатып, шаш етектен пайдаға кенелген.  Осылайша әркімге бір сатылып, өз тарихында  бұзылуға да шақ қалған Эйфель қазір мемлекеттің тікелей қарамағында. Париждің керемет көркін тамашалағысы келген кез-келген адамның мұнараға шығуына шектеу қойылмаған. 

Әлемдегі ең ерекше қаламсап
Әйел адам сыр сақтай ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу