Ібіліс сарайы

Oinet.kz 30-01-2020 747

2-16.jpg

Көпшілігімізге қорқынышты жанрдағы фильмдердің ұнайтыны сөзсіз. Өзгелердің өміріне қауіп қатер тудырып, қорқыныш сыйлаайтын жанрды кез келген режиссердің батылы жетіп түсіре бермейтіндігі де белгілі. Алайда, табиғаты тылсым ерекше стильде фильм түсіруді 1890  жылдардың соңында атақты режиссер Жорж Мелис бастады. Оның 1896 жылы шыққан әйгілі «Ібіліс сарайы» туындысы  бірнеше экспозициямен, баяу және жылдам қозғалысты үйлестіре отырып, ескілеу эффектімен түсірілген тарихтағы тұңғыш қорқынышты фильм саналды.

«Ібіліс сарайы» - бұл француздың үнсіз қысқа метражды фильмі, фантастикалық образдардың алғашқы тәжірибелерінің бірі болды. Тарихтағы тұңғыш қасіретті фильмнің премьерасы Парижде 1896 жылдың 24 желтоқсанында өтті. Сюжеттің ортасында сарайды жайлаған елестер пайда бола кетеді. Олар адамдарды күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырады. Әбден үрейлері қашқан сарай қызметкерлері бір күні түнде жорыққа шығып, елестермен күреске бел байлайды. Осылайша олар елестің біріне ағаш кресті көрсетеді. Сол сәтте елестер тым тырақай қашып, күлге айналады. Ібілістер жайлаған сарай крестің арқасында елестерден мәңгілікке тазарды.   


Шілде суының қандай қасиеті бар?
Ең үлкен цунами орын алған елдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу