Ғалымдар арықтаудың ерекше тәсілін атап өтті

Oinet.kz 05-03-2020 1551

Ғалымдар арықтаудың ерекше тәсілі ойлануда дейді. Мысалы, тәжірибелі шахматшылар күнделікті ойланудың әсерінен артық салмақтан арылады екен, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.  

hqdefault.jpg

Күрделі есептерді шешу барысында адам қалыпты жағдайдан 30-40% артық күш-жігірін жұмсайды. Мұны ескерген америкалық ғалымдар әлемдегі семіздік ауруымен күрестің ең тиімді жолы осы деп отыр. Шынында солай ма, сала мамандарының зерттеуіне үңілейік.

Шахмат және колория

2018 жылы Ұлыбританияның Мэн аралында өткен халықаралық шахмат турниринің қатысушыларына ғалымдар зерттеу жүргізген болатын. Ол үшін шахматшылардың ойын барысында қанша күш-жігер жұмсайтынын, жүйке жүйелеріне әсерін және жүрек қағыстарының жиілігін бақылайтын арнайы құрылғы пайдаланған. Нәтижесінде олардың бір орнында тапжылмай отырып-ақ, алыс қашықтыққа жүгіруші мен жүзушіге қарағанда көп күш жұмсайтыны анықталған.

Мәселен, ресейлік танымал гроссмейстер Михаил Антипов екі сағат ойын ішінде 560 килокалория жаратып, сегіз шақырым тоқтаусыз жүгірген адамның нәтижесін көрсеткен. Ал, оның қарсыласы Хикару Накамураның жүрегі минутына 130 қағыс жасағаны тіркелген. Қалыпты жағдайда ересек адамның жүрегі минутына 72-75 рет соғатынын ескерсек, бұл екі есе көрсеткіш боп саналады.

Ой жұмысының артық салмаққа әсері

Британиялық ғалымдардың адам миына жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, көп ой үстінде жүретін адамдардың басым көпшілігі артық салмақ қоспайды. Алайда, миға салмақ салу арқылы артық салмақтан арылған адамдар сирек. Бұл процесс 5-6 жасар жеткіншік балаларда жиі байқалады. Себебі дәл осы уақытта адам сатысының интеллектік дамуы басталады екен.

Қазақта осыған қатысты "Шын уайымсыз – қара суға да семіреді" деген бар. Расында бұл деректер ел зиялыларынан қалған: "Ең ауыр жұмыс ол – ой жұмысы, сол үшін де онымен санаулы адамдар ғана айналысады" дегенге саяды.

Психологиялық тест: «Қай гүлді таңдайсыз?»
Психологиялық тест: Шаш үлгісінің бірін таңдаңыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу