Коронавирустан қорғану барысында жіберетін қателіктеріміз

Oinet.kz 01-04-2020 1099

Бүкіл әлем жұртын коронавирус індеті алаңдатқызып отыр. Сақтану шараларын жасап, карантинде отырмыз. Күнделікті коронавирус жайлы соңғы жаңалықтарды тыңдап, уайым үстіне уайым қосып отырамыз. Бұл әрине, жақсы. Соңғы жаңалықтардан құлақдар болып отырған, бірақ соны естіп көп уайымдаймыз. Және коронавирустан сақтану барысында бірнеше қателіктерге бой алдырамыз. Ол қандай қателіктер?

d60f825ecb68ee7cbef52a47a48d59861a781f56.jpg

Үнемі бетпердемен жүру

Психологиялық тұрғыдан, бұл – қорғаныс. Егер сіз вируспена ауырып, түшкіріп, жөтелсеңіз, онда маска өзгелерді инфекциядан қорғайды. Ал егер сау адам болсаңыз, онда сіз үнемі вирустар жиналған спиртті маскамен демаласыз.

Дәрумендерді көп тұтыну

Дәрігерлердің көпшілігі жақсы тамақтану ағзамыздағы дәрумендер мен минералдарды жеткілікті қамтамасыз етеді деп түсіндіреді. Алайда шамадан тыс тағамдық қоспалардың барлық түрін қабылдау аллергияға және басқа да жағымсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. 

Таза ауадан қашу

Адам аз жерде кішкене уақыт таза ауада жүргенде тұрған ештене жоқ. Таза ауа – вирустың алдын алу үшін ең керекті тәсіл. Егер қарт, қант диабетімен немесе онкологиялық аурулармен ауыратын адам болмасаңыз күніне бір мезгіл таза ауада жүріңіз. Тек сақтық шарасын дұрыс қолданыңыз, яғни адамдармен арақашықтығыңыз 1,5-2 метр болуы керек. 

Дәрі-дәрмектерді кездейсоқ қабылдау

Коронавирустан қорғайтын дәрі әлі ойлап табылған жоқ, ал оны тек ауруханада емдейді. Жөтелге қарсы дәрілер мен ингаляцияні өз «білімділігімізбен» қабылдасақ иммунитетімізді төмендетіп алуымыз мүмкін. 

Әлеуметтік желідегі барлық кеңестерге сену

Карантинде отырып кез келген кеңестеге сеніп, соны жасап жатамыз. Бұл дұрыс емес. Керісінше, кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қолды сабынмен емес, антисептикпен жуу

Қолды сабынмен жуу – вирустан сақтаушы нағыз «қорғаушымыз». Ал антисептик пен антибактериялы салфеткаларды егер су болмаған жағдайда қолдануға болады.

Қолды жуып, бетті жууды ұмыту

Сырттан келген соң міндетті түрде қолымызды жуамыз, ал бетімізді жууды ұмытамыз. Бұл дұрыс емес. Қолымызға қонған вирус бетімізге де қонғандықтан, оны міндетті түрде жақсылап жуу қажет. Сабындамасақта жылы сумен шайғанның өзі жақсы әсер етеді.

Алғашқы белгілерінен-ақ ауруханаға жүгіру

Кез келген аурухана – инфекцияның негізгі ошағы. Егер сізде жоғарғы температура, кеуде тұсының ауруы мен тыныс алудың қиындауы сынды белгілер пайда болса, жедел жәрдем шақырыңыз. Ауруханаға бару инфекцияны толығымен жұқтырып алумен тең.

Коронавирус туралы «ақымақ» сұрақтар. Дәрігер Коморовский жауап береді
Рекордшы Уолл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу