Пион (сәлдегүл): түрлері және сіз білмейтін қызықтар

Oinet.kz 09-04-2020 4462

Пион Қытай елінің символы, империялық гүл және әлемдегі барша қалыңдықтарының сүйікті гүлі. Біз сіздерге пион гүлі жайлы білгіңіз келген барлық нәрсені айтып береміз. 

пион.jpg

Ғажап әрі нәзік пастельді гүлдер, үлпілдек, жүгенсіз бүршіктер және адамды мас қылатын хош иісті бұл гүл әлем халқын жүз жылдан бері таңқалдырып келеді. Қытай гүлді 8 ғасырда өсіріп, оның ерекше бейнесін сипатаған.  Ендеше сіздерді пион гүлімен таныстырайық.

Пионның шығу тарихы қандай?

Негізгі отаны – Шығыс: Қытай, Жапония жәнен Монғолия

Пиондар әлемдегі ең көнеден бері келе жатқан нәзік гүл. Қытайда б.ғ. 5 ғасырында империя бақшаларын сәндеу мақсатында өсірілген. 

Қызығы, қарапайым халыққа пионды өсіруге рұқсат бермеген. Біріншіден, пион өте қымбат болса, екіншіден, пион патша гүлі болып есептелген. Әлі күнге дейін пион гүлі байлық пен танымалдылықтын символы болып саналады. 

Ежелгі Римда пионды  дәрілік гүл және жанды тыныштандыратын зат ретінде қолданған. Пион тамырларынан жасалған тұнбалар адам жанын тыныштандыратын қасиетке ие болып, ұйқының бұзылуын реттейтін болған. 

Ресейге пионды Петр І дәуірінде әкелген. Қарапайым түрін дәрілік мақсатта қолданса, түкті түрін монастр мен корольдік бақшаларды сәндеу мақсатында қолданған. 

«Пион» атауын қайдан алған?

«Пион» сөзі «paionios» сөзінен шығып, грекше «дәрілік, емдік» деген мағынаны білдіреді. 

Бірақ, тағы басқа грек мифологиясымен байланысқан версиясы бар. Бұл миф бойынша емдеудің құдайы – Асклепияның шәкірті Пеон есімді талантты дәрігер өмір сүрген. Аңыз бойынша, жерасты патшасы Аиданы Гераклдың шайқасынан кейін емдеп жазған. Асклепий шәкіртінің дарындығына қызығып әрі қызғанып оны уландырмақшы болады. Пеон алда жоспарланған кекті біліп, көмек сұрап дұға етеді. Ал грек құдайы алғыс ретінде Пеонды тамаша гүлге айналдырады. Осылай танымал дәрігер өлімнен аман қалып, «пеон құтқарушы» деген атауға ие болды. Міне, осындай аңыз қалған. 

417bf3b44561f4ecffd3c6cb81ba0773.jpg

Пион гүлін қай кезде сыйға берген орынды?

Жарқын түсті: ақ, кремді, нәзік қызғылт пиондарды әдетті неке қияр сәтте немесе мерейтойда сыйлайды. Жарқын түсті пион букетін жас қыздарға сыйлайды. 

Пионның түрлері қандай?

Пиондар ішінара екі негізгі типке бөлінеді: ағаш және шөпті тәрізді. 

Әлемде пиондардың 3 мыңға тарта түрі бар. Ағаш тәрізді түрлерін негізінен бау-бақшаларда өсірсе, ал гүл өсірушілер пионды гүлшоқтары және сәндік мақсатта қолданады. 

Пиондар қандай түсті болады?

Негізінен барлық түсте, тек көк пен көгілдір түстер ғана жоқ. Көбіне нәзік қызғылт, жарқын қызғылт, ақ, кремді және қоя қызыл түстері танымал. Шарап және сары, күлгін түсті пиондар сирек кездеседі. 

Пион гүлінде иіс бар ма?

Барлығында дерлік иіс күшті емес, бірақ кейбір түрлерінде ғажап хош иіс шығады. Festiva Maxima, Eden's Perfume және Raspberry Sundae иіссулары өзінің ерекше иісімен танымал. Кейбір пиондарда розаның белілі иісі болса, ал басқаларында дәмдеуіштер, цитрусты немесе тәтті иіс шығып тұрады. 

2-551827d3c0dcf642c2f59309fdf4ae12.jpg

Пион гүлі қанша уақыт тұрады?

Пиондар раушанның жұздеген түріне қарағанда ұзақ уақытқа созылады. Егер пион гүлшоғын вазаға су құйып қойып қойсаңыз, онда ол 6-10 күнге созылады. Пионның өмірін ұзақтатын бір тәсіл бар.

Пионды түнде тоңазытқышқа немесе салқын жерге қойып қойыңыз. Бұл тәсіл пион бүршігінің ашылуын баяулатады. Бастапқыда гүл неғұрлым ашық болса, соғұрлым тез солып қалатынынң бәріміз білеміз. 

БІЛУ МАҢЫЗДЫ!

Құмыра, су және қайшылар өте таза болу қажет. Бактериялар пионның гүлдену процесін тездетеді. Сонымен қатар, жапырағын суға тигізбеуге тырысңыз, өйткені жапырақ суға тиіп шіри бастайды.Ал пайда болған бактерия гүл мен бүршіктерге тез сіңіп кетеді. 

Барат түні 9 сәуірге тура келді
Қазақстанда жүрегін бірінші ауыстырған адам кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу