Елжан Біртанов негізінен кім?

Oinet.kz 23-04-2020 27475

Елжан Амантайұлының отбасылық жағдайы

Елжан Біртанов 1971 жылы 18 қазан күні Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Әкесі Амантай Біртанов Алматы қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының басшысы болып қызмет жасаған. 

1563794842_ae172677e6dcfacccf299b553f8b4372.jpg

Елжан Амантайұлының 2 бауыры бар – үлкені Ержан Венадағы ОБСЕ хатшысы болып жұмыс атқарса, екінші бауыры – Есжан «Бәйтерек» акционерлі компониясының директоры. Ал Елжан Біртановтың өзі үйленген, 4 баланың ардақты әкесі.

Елжан Біртанов қайда оқыған?

Біртанов қазақша, орысша және ағылшынша тілдерде еркін сөйлейді. Ол Алматыдағы медициналық институттың емдеу бөлімін оқыған. Оқуды аяқтаған соң АҚШ-тың Аризона штатында қарқынды терапия мен токсикологияны тереңнен оқыды. 

«Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» бағдарламасы бойынша Ресейдің медициналық академиясын аяқтап, сонымен қатар аурухана ісін басқару саласы бойынша Берлиндегі Charite University ауруханасында дәріс алады. 

 Американың Fuqua School of Business мектебінің  бизнесті басқару магистрі дәрежесін алады. 

1998 жылы медицина ғылымдарының кандидаты  дәрежесін алса, 2002 жылы доцент атанып, 2010 жылы медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алады.

birtanov-foto-miheev5-750x559.jpg 

Жұмыс тәжірибесі:

Ол Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету емханасының дәрігер-реаниматологы, Республикалық токсикология орталығының жетекшісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологі,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Денсаулық сақтау саласын дамыту институты" РММ директоры, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма басшысының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, сондай-ақ, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма басшысы қызметтерін атқарған.  2014 жылдың мамыр айында Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығының Басқарма басшысы болып тағайындалған болатын.

2017 жылдың 25 қаңтарында денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Министр қандай марапаттарға ие?

Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігі. 50-ге жуық ғылыми жұмыстардың авторы.

2018 жылдың желтоқсан айында «Құрмет! Орденін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алған. 

Әлия Назарбаева туралы тың деректер
Ораза кезінде айтылатын «фидия» деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу