Бала неге саусағын сорады?

Oinet.kz 27-07-2020 9253

Кішкентай балалар бәріміз білетіндей, әркез бас бармағын сорып отырады. Бұл әдетті бәріміз кішкентай кезімізде жасағанбыз. Бірақ "ауру қалса да әдет қалмайды" деген сөз бар. Ендеше, бұл жағымсыз әдетке айналмай тұрғанда одан дер кезінде арылу қажет. 

unnamed.jpg

Балалар психологтары баланың не үшін саусағын соратындығын былай түсіндіреді: "Бала үшін бұл үрдіс өте жағымды және тыныштандырады. Сәби бұл әдетті ана құрсағында жатқанда-ақ тәжірибеден өткізіп көреді де, туғаннан кейін де арыла алмайды.

Олар шаршағанда, қиналғанда, қорыққанда және зеріккенде бас бармақты аузына қарай апарады. Және осындай әдісті түнге қарай, ұйықтар алдында, түн ортасында оянғанда қолдана береді.

Бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ. Бала нағыз тістері шыққанға дейін саусағын тістеп тастай алмайды. Дегенмен, бала 4 жасқа дейін осы әдетінен арылмаса нағыз уайымдайтын уақыт келді деген сөз. Бұл жаста ол осындай әдеттен өздігінен арылатын жағдайға жетеді. Егер сіз күткен қуанышты оқиға орын алмаса, дер кезінде қажетті шараларды жасауға кірісіңіз:

– қылығы үшін сәбиге ұрыспаңыз және жазаламаңыз. Мұндай жағдайда олар қолын аузына одан да қатты тықпалай беретінді шығарады.

– баланың назарын басқа жаққа аударыңыз, оған көңіл бөліңіз. Әдетте ана мен әкенің құшағы бәрінен де жақсы әсер беріп жатады.

– бөбектің қандай жағдайда жиі саусағын аузына апаратындығын байқап көріңіз. Бәлкім, қажеттілігін өтеу арқылы әдетін жоярсыз (мәселен, бала уақытылы тамақтанбағанда бас бармақты соруы мүмкін).

– егер, бала керісінше, зеріккен кезде бармақ соратын болса, бірден жаңа ойындар, жаңа әдістер тауып, назарын басқа жаққа аудару керек.

Психологиялық тест: Кекіліңіз қалай орналасқан?
Суреттен бірінші нені көрдіңіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу