Нұрлан Нығматуллин шын мәнінде кім?

Oinet.kz 28-07-2020 5090

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі төрағасы Нұрлан Нығматуллин туралы не білесіздер? 

13e8a87b4d91bb7df622abf1eac.jpg

Өмірбаяны

Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы Нұрлан Нығматулин 1962 жылы 31 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қожа руынан шыққан. 

Үйленген. Үш баласы және Акбар, Абылай, Таир және Айсара, Адель немерелері бар. 

Бір қызығы, Нұрлан егіздің сыңары. Сыңары - Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Комитет мүшесі.

Ағасы Арғын Нығматулин – «Сарыарқа хоккей клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.

Білімі

Мәскеу гуманитарлық университеті

Қарағанды политехникалық институты

Еңбек жолы

1984 – 1985 жж.- «Қарағандыоблгаз» ӨБ автоколонна басшысы, инженері.

1985-1990 жж - Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.

1989 - ЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебі (Мәскеу гуманитарлық университеті), саясаткер.

1990-1993 жж. – Қазақстан Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.

1993-1995 жж. - «Тенгри» қазақстандық-американдық бірлескен кәсіпорынның президенті.

1995-1999 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жж. – ҚР Көлік және коммуникация вице - министрі.

2004 жылдың маусым айынан, 2006 жылдың қаңтар айы аралығында – ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

2006 жылдың қаңтарынан, 2009 жылдың қарашасы аралығында Қарағанды облысының әкімі.

2009 жылдың қараша айынан, 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында – «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары.

2012 жылы 20-қаңтарда бірауыздан ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы

2016 жылы 22-маусымды бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды[2].

2019 жылғы 22 тамызнан - «Nur Otan» Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.

Халқарылқ ұйымдардағы қызметтері

2013 жылы 11 сәуірде бірауыздан Еуразиялық Экономикалық Одақ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы болып сайланды (ЕурАзЭО ПАА).

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы – мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі (ТМД ПАА).

Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі (ҰҚШҰ ПА).

Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы (ТүркПА).

Суреттен бірінші нені көрдіңіз?
Жан айнасы: сіз туралы көзіңіз дерек береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу