Күз-қыс: қандай сөмкелер трендте?
Танымал киім брендері күзгі сән топтамасын ұсынып үлгерді. Минимализм элементімен толыққан сән көші артық детальдарсыз үлгі жасауда. Жаңа маусымға образ жасағыңыз келсе, материалымызға зер салыңыз!

Әлемдік дағдарысқа қарамастан, дизайнерлер күзгі-қысқы марафонды 5+ бағаға жинақтады. Осы маусымдағы аксессуарлар параметрі өте нәзік образ компонентімен толыққан.
Тұтқалары бар шағын тоут
Шағын сөмкелердің аруларға үйретері мол: орынды үнемдеу және артық нәрсені алып жүрмеу. Өткен көктемгі-жазғы маусымда да бұл пішіндегі сөмкелер актуальды еді. Образға енген өзгешелік -екі тұтқасы бар миниатюралық сөмке.
Сіздерге Gucci, Khaite, Michael Kors және Miu Miu сән брендтерінің жаңа маусымға арналған ең батыл жаңалығын ұсынамыз.

Miu Miu

Khaite

Christian Siriano

Altuzarra
Шынжыр бау
Егер сіз гардеробыңызға тек бір ғана сөмкені қосуды шешсеңіз, үлкен шынжыр баулы модельді таңдаудан тартынбаңыз. Бұл жаңа маусымдағы декор элементі барлық дизайнерлердің ортақ таңдауы (және күзде және қыста стритстайл шежіресінде көпдау тудырды). Кез-келген мөлшердегі, масштабтағы және реңктегі шынжыр бау өте жақсы таңдау. Ауыр металл шынжыр немесе ашық түсті пластикалық байланыс болса да актуаль талғам элементі!

Boss

JW Anderson

Dries Van Noten

MSGM

Stella McCartney

№ 21
Баусыз сөмке
Егер сіз үлкен сөмке таңдап, иығыңызға таққыңыз келсе, жаңа маусымда актуаль болмайсыз. Тренд модельдеріндегі бау ендіқажет емес. Мұндай үлгідегі сөмкенің көлемін өз талғамыңызға қарай таңдауға болады: A. W. A. K. E шоуындағыдай, Аrea сияқты тастармен кестеленген миниатюралық модельге немесе қызыл-қоңыр түсті жұмсақ теріден таңдау жасаңыз.

A.W.A.K.E. Mode

Area


