" />
" />
" /> Ерекше келбетті жігіттің жетістікке жету құпиясы қандай?-Жаңалықтар

Ерекше келбетті жігіттің жетістікке жету құпиясы қандай?

Oinet.kz 28-09-2020 783

АҚШ- тың Нью-Джерси штатының  тұрғыны Джастин Стюарт мектепте сыныптастарының әжуалауына көп ұшырағанн. Ерекшелігі – жігіттің мұрнының пішіні бөлек болған. Дегенмен кейіпкеріміз бұл ерекшелікті артықшылығына айналдырған! Әлемнің ең танымал брендерінің топ моделі ретінде қызмет етеді.

image.png 

Джастин гені мутацияланып  толық қалыптаспаған мұрынмен дүниеге келеді. Оның айтуынша, сыртқы келбетіндегі ерекшелік Джастинді еш алаңдатпай, өзін еркін сезінуге кедергі келтірмеген. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен балалардың табалауына ұшырап, ауыр кезеңді бастан өткереді. 

image.png

Отбасым маған қарапайым адам ретінде қарады. Мен өзімді толыққанды сезіне алдым. Бірақ мектепке енісіммен ол ойымның күл паршасы шығатын. Мектепте мен өте үлкен соққыларға душар болдым. Басқа балалар менің Гарри Поттердегі Вольдеморт сияқты көрінетінімді айтты. Бұл маған ұнамайтын еді. Кейіннен мен өзімді басқа балалардың сөзіне сендіріп алдым. Жігерім жеңілді. Өзімді жеккөрдім, - деп еске алады жігіт мектептегі жылдарын.


Дегенмен, Джастин өзін өзгерткісі келмеді. Ол мұрына екі отаны тек дәрігердің ұсынысын ескеріп жасатты. Ринопластика ауа жолдарын ашып, асқынудың  алдын алды. 

image.png

Джастинді 2019 жылы Instagram арқылы бір ірі модельдік агенттік тауып, түсірілім жүргізуді ұсынады. Жігіт келісім бергенімен түсірілімде өзіне көңілі толмайтыны айқын байқалады. Камераның алдына комплексін көшіріп шыққан жігіттің суреттері табиғи көрінбеді.  

Осы жылдың басында тағы бір модельдік агенттік Джастинмен байланысып, толыққанды келісімшартқа қол қоюды ұсынды. Қазір жігіт Нью-Йоркке көшіп келді.  Adidas және Tommy Hilfiger сияқты ірі әлемдік брендтер үшін жарнамалық жобаларға қатысып үлгерді. Ол өзін модель ретінде ешқашан елестетпегенін мәлімдеді. Дегенмен процесс барысында прогреске жетіп, жұмысынан ләззат ала бастады. Ол өзін де, келбетін де қайта жақсы көруді үйренді.  

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Танымал ғалымдардың қандай оғаш әрекеті болған?
Психологиялық тест: Бақытты болу үшін сізге не жетіспейтіндігін анықтаңыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу