Айдан топырақ алдырады

Oinet.kz 26-11-2020 927

Қытай сейсенбі күні Оңтүстік Қытайдағы Хайнань аралдық провинциясындағы Вэнчань әуе айлағынан Айды зерттеу үшін «Чанъэ-5» зонды бар «Чанчжэн-5» зымыранын ұшырды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ай ғаламшары.jpg 

ҚХР Мемлекеттік ғарыш басқармасы (МҒБ) хабарламасында зондтың міндеті – Айдың бетінен топырақ үлгісін жинап, Жерге жеткізу екені айтылған. «Чанъэ-5» Ай зонды Жерге 2 келі топырақ үлгісін әкеледі деп жоспарланып отыр. Есеп бойынша, ғарыш аппараты Айдың бетіне биыл желтоқсанның басында қонады. Жалпы зондтың ұшу уақыты 20 күннен асады. Салмағы 8,2 тонна «Чанъэ-5» зонды орбиталық, қонушы, қайтушы және ұшу модульдерінен тұрады. 

Айды зерттеуге арналған Қытай бағдарламасы 2004 жылы іске қосылған болатын. Ол үш кезеңнен тұрады: Айды айналып ұшу, оның бетіне қону және Жерге айдағы топырақ үлгісін жеткізу.

Ғарыш және құс жолы
Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнайтын тропикалық жемістің бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу