Психологиялық тест: «Өзіңіз қалаған үйдің бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 24-12-2020 5456

Психологиялық тест үй.png

№1 үй

Алдағы уақытта сізді биік мансап күтіп тұр. Осы сәтте өзіңіздің қаржылық тәуелсіздігіңізді орнатуға тырысыңыз. Сәттілік сізді барлық жерде қадағалайды. Қолға алған кәсібіңіз күннен-күнге өрлей түседі. Бірақ қызғаныштан сақ болыңыз! Жетістіктеріңіз туралы азырақ сөйлеңыз! Сонда ғана ісіңіз нәтижелі болмақ.

№2 үй

Сіздің өміріңізде теңіз жағасындағы коттедж, зәулім үйдің алдында көздің жауын алатын жылтыр қара түсті Роллс-Ройс болмайды. Алайда, тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырып, кішігірім жеке кәсібіңізде ақша табуға мүмкіндік беретін тұрақты табыс кепілдендірілген.

№ 3 үй

Материалдық әл-ауқатқа жету үшін сізге ұзақ және көп жұмыс істеу керек болады. Ақша сізге оңайлықпен келмейді. Ол үшін тырысу керек. Сіз жоғары лауазымда немесе өз кәсібіңізде ақша табудың заңды жолдарын іздеуіңіз керек. Бірақ, биікке жету үшін сізге сынақ пен қателіктің жолынан өту керек болады. Алайда, бұдан қорықпау керек, өйткені егер сіз әрекет етсеңіз қаржылық мәселелерде сәттілік сізге кепілдік береді.

№ 4 үй

Сіз жеткілікті ауқатты адамсыз. Сіз табысқа жеткен жансыз. Сіздің үлкен үй, қымбат көлік туралы армандауға құқығыңыз бар және өзіңізге қажетті мөлшерде ақша жұмсай аласыз.

№ 5 үй

Ақшаңызды тек ақылыңызбен таба аласыз. Мүмкін сіз қандай да бір пайдалы өнімді әзірлеп, жаңа қызмет түрін жасай аласыз немесе сізге жақсы табыс әкелетін басқа нәрсе ойлап таба аласыз.

№6 үй

Тұрақты табыс пен байлыққа қол жеткізу үшін сізге шыдамдылық қажет. Материалдық әл-ауқатқа жету үшін сізге қиын жолмен жүру керек болады. Мақсатқа жету үшін сізге ұзақ жолдың болуы маңызды емес. Ең бастысы - жолдың соңында сізді бір нәрсенің күтіп тұрғаны жеткілікті. 

№7 үй

Сіздің байлыққа жету жолыңыз - табысты неке. Сіз өзіңіздің арманыңыздағы лайықты адамды табуыңыз керек. Бірақ мұндай адам тезірек табылуы үшін өзіңіздің сыртқы және ішкі дүниеңізге де көп уақыт бөлуіңіз керек. Өздеріңіз білетіндей, мінсіздіктің шегі жоқ, сондықтан сіз өзіңізбен тағы біраз жұмыс жасағаныңыз жөн.

№8 үй

Сіздің аяққа тұрып, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуіңіз үшін достарыңыз бен отбасыңыз көмектеседі. Сонымен қатар, табысқа жету жолында көмектескен жақындарыңызды назардан тыс қалдырмаңыз. Себебі, сіздің жетістіктегі әр қадамыңызда олардың жәрдемінің ізі жатыр.

Психологиялық тест: «Алтын жалатылған заттардың бірін таңдаңыз!»
Жылқы туралы 10 қызықты дерек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу