Чарли Чаплиннен қанатты сөздер

Oinet.kz 01-08-2019 1497

Screenshot_1.jpg

-  Кедейлікті тартымды, не ғибратты дүние деп санамаймын. Ол мені ештеңеге үйреткен жоқ, керісінше, өмірлік құндылықтарға деген көзқарасымды бұрмалап, жоғарғы тап өкілдерінің және байлардың арасынан шыққан таланттар мен олардың игі қасиеттеріне деген жөн-жосықсыз құрметті бойыма сіңірді. 

 -  Мылқау фильмдерді аяймын. Өйткені әйелдің аузын ашқанын көре тұра, даусын ести алмайсың.

 -  Ешқашан бала болып көрмеген жан ешқашан есеймейді де.

 - Әйел кез келген миллиардер еркектен миллионер жасап шығара алады. 

 - Күлкі мен көз жасының құдіреті кекшілдік пен қуанышқа қарсы тұра алатынына сенемін. 

 - Өмірдегі ең үлкен қасірет - молшылыққа дағдылану. 

 - Өмірге жақыннан қарасаң - трагедия, ал шалғайдан қарасаң көз тіксең, комедия болып көрінеді. 

 - Жамандық жасау үшін сізге күш қажет болады, ал өзге жағдайлардың барлығында Махаббат жеткілікті!

 - Ұдайы төмен қарап жүретіндер, кемпірқосақты ешқашан көре алмайды. 

 -  Періште болмасам да, мен әркез адам болуға тырыстым. 

«Дәрігерлік шұжық» қайдан шықты?
Чаплин жайында қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу